ТҮРКІСТАНДАҒЫ АУЫЛДАРҒА САПАЛЫ ИНТЕРНЕТ ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Енді Түркістан облысының ауылдараныда сапалы интернет көзі жұмыс істейтін болады. Илон Масктің SpaceX компаниясы Қазақстанның екі мыңға жуық ауылының мектептерін интернетпен қамтамасыз етеді. Бұл жайлы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. Ол өз операторларымыз келіспеген соң, амалсыздан SpaceX-ке жүгінгенін жеткізді.
«Біз осы уақытқа дейін байланыс операторларының ауылдарға жетуін күттік. Біз оларды олай да, бұлай да үгіттедік. Бірақ одан еш нәтиже шықпады. Ақырында SpaceX-ке жүгінуге тура келді. Бүгін біз Лоренмен (SpaceX-тің вице-президенті Лорен Дрейер) бірге президентке жағдайды баяндадық. Солайша интернетпен нақты проблема болған шалғай ауылдарға, спутниктік антенналар арқылы секундына 4 мегабит интернет алып жүрген екі мың мектептің қажеттілігін Starlink-пен бірге жарты жылда жабамыз деп жоспарлап отырмыз», деді Мусин Астанада өткен Digital Bridge форумында.
Министр бұл орайда шетел көмегіне жүгінуге тура келгені үшін көпшіліктен кешірім сұрады. «Мұндай жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Кейде мен өз проблемаларымызды ел ішінде өзіміз шеше алатынымызға сенгім келеді, бірақ SpaceX сияқты дамыған технология тұрғанда, оларды қолданбау күнә болар еді», – деп қосты министр.
Ол сонымен бірге шетелдің SpaceX сынды өзге де ірі компанияларының Қазақстанға деген қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқанын айтты. «Соңғы жылдары Қазақстан өзін әлемдік IT-қауымдастығы үшін әлеуеті зор ел ретінде таныты. Сауатты мемлекеттік саясаттың және технологиялық инновацияларды қолдау шараларының арқасында көптеген жетекші әлемдік компаниялар өз бизнесі үшін тартымды орын ретінде біздің елімізге назар аударды. Бұл қызығушылық кездейсоқ емес. Қазақстан дарынды кадрлар ұсына алады және елімізде тұрақты экономикалық орта бар. Көптеген халықаралық IT алпауыттар Қазақстанды сенімді әрі келешегі зор серіктес ретінде қарастыра бастады және бізбен жұмыс істеудің артықшылығын түсінді», деді ол.
Starlink Артықшылықтары интернеттің “жер бетіндегі барлық жерде” орналаса алуы. Starlink жердің төмен орбитасында орналасқан 3 мыңнан астам шағын спутниктерді пайдаланады (жер бетінен небәрі 550 км қашықтықта). Әдетте олар әлдеқайда алыс орналасқан – 30 мың км, сондықтан пайдаланушы мен қарапайым жерсерік арасындағы деректер алмасу жоғары кідіріспен жүреді.