ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

0
127

Түркістан қаласындағы NIS-тің информатика пәні мұғалімі Ирина Кузьмина Алматы қаласында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында 1-орынды иеленді.

Әр жыл сайын дәстүрлі өтетін педагогикалық идеялар фестивалі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҚР Білім министрлігінің «Дарын» орталығымен әзірленді.

Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ құрама командасы Республикалық педагогикалық идеялар фестиваліне 7 жұмыс ұсынып, оның ішінде алты мұғалім жүлделі орындарға ие болды.

Фестивальдің бағыты – коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау және нығайту.

Leave a reply