Суббота, 1 марта

ТҮРКІСТАНДА «АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
17
✔️ Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты байқау өтті.
✔️Байқаудың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, байқаудың маңыздылығына тоқталды.
🔺– Абай Құнанбайұлының мұрасы – қазақ халқының рухани байлығы, оның ойлары мен шығармалары біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, жастарға дұрыс бағыт береді. Осы байқау арқылы жастарымыз Абайдың ұлы ойларын тереңірек түсініп, өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттырады, – деді Ертай Кенжебекұлы.
✔️Жастарға Абай шығармашылығын терең жеткізу, оның қара сөздері мен философиялық ойларын насихаттау, сондай-ақ қазақ поэзиясының құндылығын арттыру мақсатында өткен байқау үш кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Көркем сурет» кезеңінде Абайға қатысты сурет салса, «Абайдың 45 қара сөзі» кезеңінде ойшылдың 45 қара сөзінен екі қара сөзін жатқа айтты. Ал «Көзімнің қарасы» ән байқауында Абай өлеңдеріне жазылған әндерді орындады.
✔️Байқау тартысты өтіп, жас дарындар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Leave a reply