Thursday, November 21

ТҮРКІСТАНДА БАС ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

0
118

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһардың жаңаша бағытта гүлденуі мен өркендеуі жолында сөзден гөрі іске көбірек мән беретіндей. Апта бойы атқарылған жұмыстар легі толып жатқан мәселелерге арналады. Жай арнап қана қоймастан нақты қадамдар жасау арқылы нәтижелі жұмыстар тындыруға ынталы. Осы аптадағы атқарылған шаралардың ең маңызды біреуіне тоқтала кетуді жөн көрдік.

Сонымен осы аптадағы мәнді де мазмұнды шара өзекті мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарастыру мақсатында өткізілді.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткізілген ведомствоаралық жиналысқа қалалық соттың төрайымы Айгүл Жаңбырбаева, қала прокуроры Жаннұр Ахметбек, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотынан Марат Шариповтар арнайы қатысты.

Шаһарды облыс орталығына айналдыру барысында көптеген мәселелер қала құрылысының Бас жоспарын жасақтау мен дайындауға байланысты туындағаны белгілі. 2019 жылдың қараша айында бекітілген бас жоспардан соң қаланың егжей-тегжейлі жоспары, бас жоспар бойынша жаңа құрылыс салу, қызыл сызық, қаланы айналатын жасыл белдеуге түсетін нысандар бойынша біраз мәселе күн тәртібінде өзекті болып отырды.

Қала әкімдігі мен прокуратурасы бірлесе отырып, қызыл сызық мәселесін жіті талдады, жаңа бас жоспар енгізілгенге дейінгі салынған қала ішіндегі құрылыс нысандарын, тұрғын және коммерциялық нысандардың құжаттарын рәсімдеу жолға қойылды. Соның нәтижесінде 2016 жылдан бері шешімін таппай отырған 1700-ге жуық жер телімінің қаулылары заңға сәйкес зерделеніп, табысталды. Қаланың егжей-тегжейлі жоспарын қосымша жасау қолға алынды.

«Бекзат» мөлтек ауданында туындаған үй іргелік жер мәселесі бойынша құжаттарды сот органдары арқылы заңдастыру ұсынылды. Мұндағы 723 жер учаскесінің 200-і тұрғын үй құрылысын салғандар. Ведомствоаралық комиссия ұсыныстары негізінде 16 меншіктің құқығы танылды, оның 8-і жер комиссиясының оң қорытындысын алды. Иассы ауыл округінің шешімдерімен Жер комиссиясына ұсынылған құжаттар саны – 108, оның 54 құжаты комиссиямен келісілді, 18 қаулы қабылданды. Жұмыс әлі де жалғасуда.

Leave a reply