Thursday, November 21

ТҮРКІСТАНДА “ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ ОН МЫҢ ҚАДАМ” АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
114
Облыс орталығында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың түрлі жобалары жүзеге асырылуда.
Соның бірі – «Денсаулыққа қарай он мың қадам» акциясы.
Шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған шараға 500-ге жуық тұрғын қатысты.
Ең жас қатысушы алты жаста болса, ең үлкені 70 жастағы тұрғын.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Мәреге дейін он мың қадамды алғаш жүріп шыққан 200 қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.
Ұйымдастырушы Түркістан облыстық “Дене шынықтыру және спорт басқармасы” мен Түркістан қалалық “Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы” қызметкерлерінің мәлімдеуінше, аталған шара жүйелі түрде жалғасатын болады.

Leave a reply