ТҮРКІСТАНДА ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ ДЕҢГЕЙДЕ САҚТАЛУДА

Түркістан қаласы аумағындағы жанар-жағармай станцияларына мониторинг жүргізілді. Жұмыс тобы мұнай өнімдерінің тапшылығына жол бермеу, халық арасында түсінбеушілік пен наразылық туындауының алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында тиісті құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта қала аумағында 24 жанар-жағармай станциясы жұмыс істеуде. Сонымен қатар, сұйытылған мұнай газын тұрғындарға жеткізуді 8 газ жеткізуші мекеме жүзеге асырып отыр. Бұл мекемелерге тиесілі 28 газ құю бекеті арқылы қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетілуде.
Бүгінгі таңда қала аумағындағы жанар-жағармай бекеттерінде АИ-95, АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны жеткілікті мөлшерде бар, еркін сатылуда. Жанар-жағармай өнімдеріне тапшылық тіркелмеген, баға тұрақты деңгейде сақталуда.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын сату мен тарату жүйесі де қалыпты жұмыс істеуде. СМГ және мұнай өнімдері бойынша тапшылық байқалмайды, жағдай тұрақты.
Қала әкімдігі жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр және тұрғындардың жанар-жағармай өнімдеріне қатысты сұраныстарын қанағаттандыру бағытында тиісті шараларды жалғастыруда.