
Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілігін, рухани-патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен байқауда үміткерлер жанды дауыста екі ән орындады. Алғашқы кезеңде сазгердің әндерінен, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта ән орындады. Бір-бірінен оза шапқан өнерлі, талантты жас әншілерді арнайы тағайындалған қазылар алқасының құрамы бағалап, сараптады.