Thursday, November 21

ТҮРКІСТАНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНҒАН

0
62

Қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары қолға алынған. 2023 жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Оның ішінде 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалымен өткен жиында айтылды. Бұдан бөлек жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

– Әр әкім ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын меңгеріп, сол саласының нағыз маманы болу керек. Қаржыны талан-таражға салуға болмайды. Халықпен жұмыс істеп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты міндет. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Нарықтық экономиканың негізгі талаптарының бірі халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекеттен тәуелсіз болу мүмкіндігін молайту. Кәсіп ашып, табыс табу – өркениеттегі елдерде қалыптасқан экономикалық тұжырым, – деген облыс басшысы тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.

Мәжіліс барысында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өткен жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша 2022 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 5,0%-ға төмендеді. Ал жастар санындағы жұмыссыздық 4,2%-дан 1,7%-ға, әйелдердің жұмыссыздық деңгейінде 6,7%-дан 5,2%-ға дейін азайды. Жалпы жұмысқа орналасқандардың зейнетақы жарнасы 99% аударылған. Субсидияланған жұмыс орындарын аяқтағандардың 65% және кәсіптік оқуды аяқтағандардың 95% тұрақты жұмысқа орналасса, «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқығандар арасында өз ісін ашқандары 45%-ды құрап отыр.

Биыл жалпы 140,2 мың жұмыспен қамту шараларын іске асыру көзделуде. Оның ішінде 21,3 мың адам оқыту бағыттарымен, 118,9 мың жұмыс орындарын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу көзделуде. Ал оның бағыттары тұрақты жұмыс орындарына, уақытша жұмыс орындарына жолдау, кәсіпкерлік бастамалары үшін грант және шағын несие беруден тұрады. Жұмыспен қамту шараларына бюджет көздерінен қаржы қаралды. Сонымен қатар биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында және жеке инвестиция тартумен жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оған қоса облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен агроөнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласында 77 жоба қолға алынып, жаңа жұмыс орындары пайда болмақ.

Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан инвесторлар, жұмыс берушілермен меморандумдар түзу арқылы қажетті мамандарды кәсіби даярлау, бағдарлау курстарынан өткізіп, жұмыспен қамтуға бағытталған нақты шаралар қабылданады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылған Түркістан облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» және «Мансап орталықтарының» трансформациялануы күтілуде. «Мансап орталықтарының» жұмыспен қамту саласындағы қызметтері толығымен цифрландырылған бағытқа ауысады. Биыл 1 мамырдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Мансап орталықтарын» трансформациялау жұмыстарын жүргізу күтілуде.

Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, аудан, қала әкімдерімен халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау жөніндегі түйінді нысаналы индик

Leave a reply