Түркістанда мұғалімдердің тәжірибелік семинары өтті

0
101

Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Түркістан облысының жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына арналған облыстық тәжірибелік семинар өтті.

Түркістан NIS-тің тәжірибе тарату алаңында Арыс, Жетісай, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Түлкібас аудандары және Шымкент, Кентау, Түркістан қалаларынан жалпы саны 115 мұғалім бас қосты.

Жалпы семинар мақсаты өңір мектептерінің мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, оқыту үрдісін ұйымдастыруға бағыт-бағдар ұсыну болып табылады.

Семинардың барысы қатысушыларды тіркеуден өткізгеннен кейін мектептің мәжіліс залындағы отырысқа жалғасты. Жиында мектеп директоры Балқан Маратұлы алғысөз сөйлеп, семинарға келген барлық педагогтарға бір күн бойы шеберлік сыныптарға қатысуда тиімді білім аласыздар деген сенім білдірді.

Мәжіліс залында басқосу барысы Зияткерлік мектеп ұстаздары дайындаған оқу процесіне қажетті  шағын оқытумен жалғасын тапты. Тарих пәнінің мұғалімі Бақытжан Дүкенбай «Құндылық пен құрал» тақырыбында бала бойына құндылықтарды дәріптеуде түрлі жағдаяттарды мысалға ала отырып, ұлттық құндылықтардың оқушы бойындағы дағдыларды дамытуда айтарлықтай орын алатынын жеткізді.

Ал ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүлзада Жанжігітова «Жобаға негізделген оқыту» (PBL) тақырында белсенді оқыту деген не, оқушының белгілі бір ақпаратты қабылдаудағы деңгейлері, PBL-ды сабақ процесінде қолданудың тиімділігі жайында сөз қозғады.

Мәжіліс залындағы отырыстан соң ұстаздар әр секцияға бөлініп, Зияткерлік мектептің пән мұғалімдерінің шеберлік сыныптарына қатысты.

Облыс ұстаздары тәжірибелік семинарда Түркістан NIS-тің мұғалімдері дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты. Әр әдістемелік берлестік өз пәндері бойынша белгіленген тақырыптарда шеберлік сағаттарын өткізді.

Математика пәнінің мұғалімдері:

Қажымұрат Әшір «Қималарды салу»

Эльдар Абдушукуров  «Векторларды оқыту»

Салима Шаленова  «Түзулер»

Физика пәнінің мұғалімдері:

Бауыржан Ильясов «Кирхгоф заңы»

Султан Каримов    «Ампер таразы»

Ғалым Худайберген       «Архимед заңы»

Химия пәнінің мұғалімдері:

Гаухар Кабыкеева  «Атом элементтерінің периодтық өзгерісі»

Надыра Абжалиева   «Молярлық концентрация»

Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері:

Роза Есбалаева      «Ақан сері»

Әсел Тенгебаева    «Амандасу мәдениеті»

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері:

Айнур Аманбаева           «Protect the environment»

Айгүл Бескемпірова  «Environmental issues»

Орыс тілі пәнінің мұғалімдері:

Батиха Тапелова     «Критериальное oценивание»

Иван Клименко      «В мире профессий»

Қоғамдық-гуманитария әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері:

Ерлан Сеитов         «Қазақстанның минералды ресурстары»

Серік Жолдасов      «Пәндік олимпиадаға іріктеу және дайындау»

Гүлнұр Акынбекова        «Қарахан Мемлекеті: Ислам Діні»

Асель Бейсенбекқызы   «Людвик XIV және Ұлы Петр: Абсолютті билік» тақырыптарында облыс мұғалімдерімен бірлесе, өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Оқушыға білім беруде өңір ұстаздары бас қосқан тәжірибе тарату алаңында мектеп ұстанымы мен құндылықтары, мінсіз мұғалім критерийлері, оқу процесіндегі эмоционалды күйлер, кәсіби даму, академиялық орта құру, жобалар мен үйірмелерді оқушыға бейімдеу тақырыптарында өз әдіс-тәсілдері мен ойларын ортаға салып, семинарға қатысушы ұстаздар Түркістан NIS-тің мұғалімдерінен оқу процесіне қажетті маңызды әрі пайдалы ақпараттар мен ресурстар ала білді.

Leave a reply