ТҮРКІСТАНДА САПАЛЫ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
33

Қазіргі таңда 36-шы көшенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған көше пайдалануға берілген соң, Б.Саттарханов көшесі мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9-шы және 11-ші көшелердегі көлік кептелістерін азайтып, әкімшілік-іскерлік орталығы мен Түркістан әуежай жолын байланыстыратын болады.

Түркістан қаласының әкмшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.Бүгінде аталған көшенің негізгі қабаттары төселіп, асфальт жабындысын салу жұмыстары басталды. Аталған көшенің құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, облыстық құрылыс басқармасының мамандарының қатаң бақылауға алынған.

Мердігер мекеме – «Bazis Construction» ЖШС, техникалық қадағалаушы мекеме – «Стройконсалтинг LTD» ЖШС, ал авторлық қадағалаушы мекеме – «Бақытжан Жоба» ЖШС.

Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 368,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүруде. Ал аудандық маңызы бар 97,3 шақырым жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, елді мекендердегі 630,6 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы — техникалық қадағалаушы мекемелерден бөлек, Ұлттық сапа орталығының Түркістан облыстық филиалының тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» мекемесі жыл бойына облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Кәсіпорынға 39 бірлік арнайы техника бекітілген және 174 қызметкер жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, 2024 жылы көктемгі жауын салдарынан Сауран ауданында Бабайқорған-Кентау бағытындағы 2 көпірді су шайып, 1 көпір апатты жағдайға жеткен болатын. Басқарма тарапынан қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, көпірлер толық пайдалануға берілген.

Leave a reply