Түркістанда тұрақты жұмыс орындарына 3271 азамат орналастырылды

0
107

Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы қарқынды түрде жүргізілуде. Түркістан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 298 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған, 256 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттары ұсынылды. 912 тұрғын мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысты.  Сондай-ақ жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған. Қоғамдық жұмыс орындарына – 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 125 азамат, жастар практикасы бойынша 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына – 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына  35 тұрғын орналасты. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант 190 тұрғынға тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.  Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сала ең алдымен, тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады.  «Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді», деді Президент.

Leave a reply