Вторник, 17 сентября

Түркістанда тұрғын үй құрылысы бәсеңдемейді

0
102

I тоқсанның қорытындысы бойынша Түркістан облысындағы жалпы өңірлік өнім 656,6 млрд. теңгеге жетті. Жыл соңына дейінгі меже 3,3 трлн. теңге құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жоспардан артық орындалып, 460,6 млрд. теңгені 101,4% құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады. Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің мәлімдеуінше, жыл басынан бері инвестиция көлемі 299,3 млрд. теңгеге жетті.

Жалпы сауда көлемі 181,1 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,8 % құрады. Тасылған жүк көлемі 55 млн. тн. жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңге 101,4%-ды құрады (ҚР – 98,2%, 5 орын). Байланыс қызметінің көлемі 4,3 млрд. теңгені, немесе өсім +8,8% құрады (ҚР – 106,5%, 3 орын). Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі тұрақты бақылауда.

Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінгі таңда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау 2020 жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, Әкімшілік-іскерлік орталықтан 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ, 7 қабатты 15 тұрғын үйдің бірінші қабатын қалау, 9 қабатты 5 тұрғын үйдің іргетасын құю жұмыстары жүруде. Аталған үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. «Өткен жылы құрылысы басталған Б.Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін болады.

Бұдан өзге, облыс орталығындағы Рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ «Тұңғыш Президент саябағы», «Қ.А.Ясауи» кесенесі аумағын абаттандыру 4 кезеңмен жүзеге асуда. Қазіргі таңда 1 және 2 кезең бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

Leave a reply