Суббота, 24 мая

ТҮРКІСТАНДА ІТ ПАРК САЛУ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0
11
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ІТ парк салу бойынша кезекті рет келіссөз жүргізді. Кездесуде жобаны Түркістанда жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
📌– ІТ парк салу мәселесін терең пысықтап, жан-жақты талқылаған жөн. Нақты келісімге келгеннен кейін жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді, сол арқылы өз міндеттемелерімізді жүйелеуді ұсынамын, – деген Нұралхан Көшеров инвестордың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
✔️Егер келіссөз жүзеге асса, құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін айрықша серпін бермек. Жоба аясында электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника шығару жоспапрланған. Электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделген. Сонымен бірге жасанды интеллект игілігін көру бағытында жобалар жүзеге аспақ. Қос тарап келіссөздерді одан әрі нақтылап, зерделеуге уағдаласты.

Leave a reply