ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «АҚЫЛДЫ АНА – САНАЛЫ БАЛА» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Ақылды ана – саналы бала» байқауы ұйымдастырылды. Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің бастамасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» жобасын жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Байқауға Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардан 35-55 жас аралығындағы этнос өкілдері аналары мен 7-15 жас аралығындағы балалары қатысты. Үміткерлер үш кезең бойынша сынға түсті: Таныстыру кезеңі – қатысушы жұп өзін және отбасын таныстырды. Өнер көрсету кезеңі – ана мен бала өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Үшінші кезең, Әлеуметтік қойылым кезеңі – қоғамдағы өзекті мәселелер (нашақорлық, құмар ойын, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық) бойынша сахналық көрініс ұсынылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениеті, отбасы құндылықтарын насихаттауы, үйлесімділігі мен көшбасшылық қасиеттерін бағалады. Байқау нәтижесінде «Домалақ ана ізбасарлары» аталымы бойынша Сайрам аудандық күрді этномәдени бірлестігінің жетекшісі Надирова Гулизар ІІ орын иеленіп, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Шара қоғамда ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.
Бүгінде Түркістан облысындағы Ассамблея жанында өзбек, славян, түрік, күрді, иран, қырғыз, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, ұйғыр, грек этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар, қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, медиация кабинеті, қайырымдылықты үйлестіру, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Достық» және «Айбын» клубтары, ақпараттық-насихаттық топтар да бар. Осы аталған құрылымдар өздеріне бекітілген бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы маңызды құралға айналып үлгерген. Еліміз егемендік алған 30 жылға жуық уақытта аталмыш құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудаүлкен маңызға ие болды.
Бүгінде елімізде мыңнан астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұл этномәдени бірлестіктердің мақсаты — мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен тұтастығын сақтай отырып, олардың мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін дамытуына қолдау көрсету. Оған мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдай жасалынуда. Айтайын дегенім, осындай шаралардың нәтижесінде ұлт өкілдері елімізде атқарылып жатқан ауқымды, оның ішінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған шараларға белсенді түрде атсалысып келеді. Осылайша, олар мемлекетіміздің алға қарай ілгерілуіне өз үлестерін қосуда.Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе қоғамдық қатынастардың орнықты болуына, өңірде этносаралық келісім үйлесімділігін қамтуда, азаматтар арасында толеранттылық құндылықтарын ілгерілетуде, бейбітшілік пен келісім саясатын жүргізуде іргелі істерді атқарып келеді.
ҚХА-ның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетін, тілін, дәстүрін сақтай отырып, елдегі бірлік пен келісімді қамтамасыз ету. Ассамблея азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, этносаралыққарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ мемлекет пен қоғамарасындағы диалогты нығайтуға бағытталған. Осы жылдар ішінде ҚХА Қазақстандағы этностардыңқұқығын қорғап, олардың мәдениеті мен дәстүрлеріндамытуға үлкен үлес қосты. Ассамблеяның бастамасыменжүздеген этномәдени бірлестіктер құрылып, ұлттықмерекелер, форумдар, фестивальдар мен ғылымиконференциялар ұйымдастырылды. ҚХА сондай-ақ қайырымдылық шаралар мен қоғамдықжобаларды жүзеге асырып, жастар саясатын қолдаудабелсенділік танытып келеді. Ассамблея аясында жұмысістейтін «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы – ел болашағына бейжай қарамайтын жас буынның басынқосатын алаң.
Бүгінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі. Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мемлекеттің стратегиялықбасымдықтарының бірі. Сондықтан ҚХА өз қызметін жаңадеңгейге көтеріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудемаңызды рөл атқарады. 30 жылдық мерейтой – бұл тек өткенді саралау ғана емес, сонымен қатар болашаққа бағдар жасау кезеңі. Ассамблея алдағы уақытта да Қазақстанның тұрақты дамуы мен бірлігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстаратқаруды жалғастыра бермек.Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – бұл тек ұйымның ғана емес, бүкіл елдің ортақ жетістігі. ҚХА-ныңнегізгі ұстанымдары – бейбітшілік, келісім және бірлік – Қазақстанның болашақ дамуының берік негізі болып қалабереді. Ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың сақталуы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан Қазақстан ХалқыАссамблеясы өзінің тарихи миссиясын жалғастыра отырып, елдегі бірлікті одан әрі нығайтуға үлес қоса береді.