ТҮРКІСТАНДА 2299 ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Халықты жұмыспен қамту орталығының» 6 айда атқарылған жұмыстары бойынша есебін тыңдады.
Орталық директоры Ақмарал Пернебекқызының мәлімдеуінше, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 2299 тұрғын қамтылған.
Қоғамдық жұмыс орындарына — 671 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 119 азамат , жастар практикасы бойынша — 170 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына — 1318 азамат, алғашқы жұмыс орнына — 12 тұрғын орналасты.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант — 9 тұрғынға үлестірілді.
Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6000-ға жуық тұрғын жұмыспен қамту жоспарланған.