Түркістанда 253 шақырым топырақты жолға тас төселді
Облыс орталығында жалпы 845 шақырымға созылған 875 көше бар.
2021 жылғы 6 айдың көрсеткіші бойынша қаладағы топырақ жолдың үлесі 286,4 шақырымды құрайтын.
Жол төсеу инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына байланысты жоспарланғаны белгілі. Әйтсе де, жоспарлы жұмыс жүзеге асқанға дейін қалалықтар топырақ жолдың азабын тартпауы қажеттігін шаһар басшысы басты назарға алды.
Жұмыла атқарылған тірліктің нәтижесінде қазіргі таңда Түркістанда 33 шақырым топырақ жол қалды. Жыл соңына дейін бұл мәселені түбегейлі шешуге жұмыс жүруде.
Қала жолдарының бүгінгі көрсеткіші:
316 шақырымы – асфальт, 495 шақырымы – тас жол.
Сонымен қатар, биылғы жылы 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) құрылысын іске асыру жоспарланған болатын. Соның, 27 көшесінде (32,8 шқ) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, басқа көшелерде жұмыс жалғасуда.