
– Құрметті жиынға қатысушылар! Бүгін Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – «Вусонг» университеті филиалының Түркістан қаласында ашылуына орай, толық ақпарат беру үшін университет өкілдері алдарыңызға келіп отыр. Бұл бастама – Түркістанды білім мен ғылымның орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам, жастарымызға сапалы халықаралық білім алуға берілген тамаша мүмкіндік. Бұл унивеститеттің ашылуы – біздің өңірдегі білім беру саласының жаңа деңгейге көтерілуінің айқын дәлелі. Мұнда тек жоғары деңгейлі академиялық білім ғана емес, Оңтүстік Кореяның заманауи технологиялары мен тәжірибелік оқыту әдістері де ұсынылмақ. Сіздердің алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер ашылып отыр. Аталған университетке министрлік және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан гранттар бөлу мәселесі қазірден жоспарланып, қажетті шаралар қабылдануда. Біз, облыс басшылығы, жастарымыздың сапалы білім алып, өздерін жан-жақты дамытуына барлық жағдайды жасауға дайынбыз. Тек үздік білім ғана табысты болашақтың кепілі. Сіздерді осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырамын! – деді Бейсенбай Тәжібаев.