ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ҚЫЗДАР ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ КӨШ БАСТАДЫ

Қарағанды қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елішілік додаға республиканың барлық аймағынан іріктелген спортшылар қатысып, шын мықтыны анықтады.
Боз кілем төріндегі әйелдер күресі бәсекесінде Түркістан облысының бұрымдылары 1 алтын, 4 күміс және 1 қола медальді еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1-орынға жайғасты. 57 келіде сынға түскен Нилуфар Раймова қарсылас шақ келтірмей, алтын медальді мойнында жарқыратты. Ал 57 келіде белдескен Балжан Шәкір, 59 келіде Шұғыла Өмірбек, 68 келіде Зейнеп Еламас, 72 келіде Шәмшиябану Тастанбек күмісті қанағат етті. Сондай-ақ, 68 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Өсербай облыс қоржынын қоламен толықтырды.