ТҮРКІСТАНДЫҚ БАТЫР АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

0
95

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін табыстап, батыр аналарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

“Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіретін аяулы аналар. Сіздер табиғат сыйлаған шыдамдылық пен қажырлы қайраттың арқасында әр салада қызмет етіп, тек қана ұл-қыздарыңызға ғана емес, көпке үлгі болып жүрсіздер! Сондықтан алдағы уақытта сол еңбектеріңіздің жемісін көріп, балаларыңыздың қуанышына тоймай жүре беріңіздер. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін,”-деді Ерлан Бақытжанұлы.

Шаһарда жыл санап алтын және күміс алқа иегерлерінің қатары артуда. Бұл еліміз үшін өте қуанышты көрсеткіш. Биылғы көрсеткіштерге сәйкес, облыс орталығында 405 батыр ана бар. Оның 97 — алтын алқа, 308 — күміс алқа иелері.

Leave a reply