ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕКШІЛЕР ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Алматыда 27 тамыз бен 1 қыркүйек күндері байдарка мен каноэде есушілер арасында елшілік дода өтті. Дүбірлі сайыста Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері өте сәтті өнер көрсетті. Жерлестеріміз әртүрлі бағдарлама түрлері бойынша 32 медаль жеңіп алды.
Нақтырақ айтсақ 16 алтын, 7 күміс және 9 қола жүлдені облыс қоржынына салды. Ғаламат нәтиже тіркеген түркістандық өрендер қарсыластарынан 11 медаль айырмашылығымен сенімді жеңіске жетті.
Қорытынды кесте:
1-орын. Түркістан облысы:
алтын –16, күміс –7, қола – 9
2-орын. Теміртау:
алтын – 7, күміс – 8, қола – 4
3-орын. Астана:
алтын –7, күміс –3, қола –4