Thursday, November 21

ТҮРКІСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР АҒАШ ӨҢДЕУ ЦЕХЫН АШҚАН

0
137
Түркістан облысы Төлеби ауданында жеке кәсіпкер Қ.Омартаев ағаш өңдеу ісін жандандырып отыр. Іске қосылғанына 3 жылға жуықтаған цехта заман талабына сай ағаш есіктері ерекше дизайнмен дайындалуда. Кәсіпкердің сөзінше, нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есікке сұраныс жоғары.
«Ағаштан ерекше бұйым дайындау төзімділікті талап етеді. Осы кәсіпке жастарды баулуды мақсат етіп, ауылдағы 10 тұрғынды жұмыспен қамтып отырмын. Цехты өз қаражатыма іске қостым. Жоспарлар көп, оны жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Былтыр 10 млн теңге көлемінде табыс таптық»,- деді Қ.Омартаев.
Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл саланы ілгерілетуге күш салып жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтып, аталған жобаны кеңейтуге ниетті.

Leave a reply