Thursday, November 21

Түркістандық мұғалімдердің барлығы жоғары білімді

0
97

Майшай Әбенова атындағы мектептің іргетасы көтерілгеніне жетпіс жылдан асты. Осы жылдары оқу ордасын мыңдаған шәкірттер бітіріп, қазіргі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде халық шаруашылығының сан-саласында жемісті қызмет етіп жүр. Мектеп түлектері Жанболат Ибрагимов қалалық мәслихаттың аппарат басшысы. Мадина Рысбекова- қалалық білім бөлімінің әдіскері, Жанат Бабажанова қалалық қаржы бөлімінің бас есепшісі, Асқар Алдабергенов Түркістан облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері, Ерұлан Тұңғышбаев Түркістан қаласы әкімінің аппарат қызметкері болып қызмет етеді.

2015 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Тулеуова Эльмира Тілеуханқызы атқаруда. Ол мұғалімдердің жұмыстарын ізденістерін қорыту, оны практика жүзінде іске асыру және озық тәжірибені тарату мақсатында бірнеше аймақтық, қалалық ғылыми-практикалық семинарлар ұйымдастырды. Ұстаздардың теориялық және әдістемелік тәжірибесін жетілдіруді үнемі назарда ұстап, мектепішілік бақылау мен басшылықты дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде ынтымағы берік, ұйымшыл ұжым қалыптастыруға қол жеткізді.

Бүгінгі таңда мектеп ұжымында 88 мұғалім 848 оқушыға білім береді. Мұғалімдердің барлығы жоғары білімді. Жоғары санатты -13 мұғалім, І санатты-25 мұғалім, ІІ санатты-33 мұғалім, санаты жоқ- 18 мұғалім бар. Осы жылдары көптеген «Алтын белгі» иегерлері мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Олардың қатарында Гүлбану Бердіходжаева, Бауыржан Құдайбергенов, Мадина Тельман, Бану Байжігіт, Меруерт Пайыз, Аида Қосылхан, Меруерт Мәуленқұл, Таңшолпан Төлендиева, Рахман Құрманбай, Назгүл Қадырбек, Мұхаммад Абад, Айнұр Асқар мектебіміздің мақтаныштары. Олар қайда болса да ұшқан ұяларын ұмытпай үнемі мектептің құрметті қонақтары болып келеді.

Бүгінде көптеген оқушыларымыз жоғарғы оқу орындарына түсуде. Біз өз түлектеріміздің бір де бірінің жаман атын естігеніміз жоқ. Олар тамаша мәдениетті, ұлттық намысы мол азамат болып қалыптасып, егемен еліміздің өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Біз олармен мақтанамыз. Біз оларды мақтан етеміз және оларға нық сенеміз. Біздің басты мақсатымыз да, еңбегіміздің басты мұраты да осы деп білеміз. Мектебіміз егемен елімізбен бірге жарқын болашаққа нық қадам баса бермек.

«Ұстаз болу жүректің батылдығы» деп ақын жүрегі жырлағандай, алдына келген сан шәкірттің санасына білім, жанарына нұр, бойларына жігер берерлік түрлі іс- шаралар өткізіп, өмірдің үлкен арнасына жетелеп келе жатқан мектебіміздің ұстаздарына тоқтала кетсек, олар: Б.Боранбаева, Ш.Әбдірова, Б.Әңгірбаева, Б.Ақылбеков, Е.Аймырзаев, А.Жұманова (Ы.Алтынсарин медалінің иегері), Ж. Жұмаділлаева, А.Іскендірова, Г.Мамбетаева, Н.Құрбанова, Л.Құлбаймбетова, Т.Меңдібаева, А.Раймбетова, Е.Байжанов, Б.Сұлтанқұлова, Ж.Молдабекова, К.Сейітханова сияқты ұстаздар бүгінгі жас шәкірттерге сапалы білім беруде.

Жоғарыда аталған ұстаздар қауымы бүгінгі күні еңбек етіп келе жатқан ұстаздар болса, бұл қауымға дейін де еңбек етіп, мектеп негізін қалауға зор үлес қосып, білім нәрін себу жолында аянбай тер төгіп қазіргі таңда зейнеткерлікке шыққан ұстаздарды атап өтсек, еңбектерінің ақталғаны болар. Ә.Байболов, М.Оспанова, Т.Өмірбекова, Р.Сәбенова, Ұ.Жүргенбаева , Білім беру ісінің үздігі Б.Бегалиева, А.Усмановалар әлі күнге дейін мектептен қол үзбей өздерінің өмірлік тәжірибелерімен жас ұстаздарға тәлімгерлік көрсетеді. Мектепке келген үлкен де, кіші де ең алдымен жақсы психологиялық климатты байқайды. Біз әрбір балаға, тек балаға ғана емес ересек адамға да өзіміздің көмек, қолдауымызды аямаймыз.

Мектептің әдістемелік құрамына 10 пән бірлестігі кіреді. Ұйымдастырылған құрылым мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін, шеберлігін жетілдіру мақсатында жасалады. Әдістемелік кеңестің және бірлестіктердің жоспары бойынша пән апталықтары және арнайы семинарлар ұйымдастырылып, ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі. Осы өтілген апталықтарда біз мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларды қалай меңгергенін, теориялық, практикалық дайындықтарын оқыту және тәрбиелеу ісіндегі тиімді әдістердің игерілуін, шығармашылықпен еңбек етуін, ұмтылыстарының артуын бақылай алдық.

Биылғы оқу жылында мұғалімдер кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында біліктілігін жетілдіру үшін арнайы курстарға жіберілді. Жаңа технология бойынша – 30 мұғалім, деңгейлік курс бойынша – 2 мұғалім, өз пәндері бойынша – 10 мұғалім біліктілігін көтерді. Осы оқу жылында 5 мұғалім аттестаттаудан өтіп, өз санаттарын көтерді.

Мектебіміздің сан салада жетістіктері мол. Талантты оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, мектебіміздің мәртебесін көтеруде. Дулат Нурдуллаев – республикада өткен «Ақберен» байқауына қатысып, дипломмен марапатталды. Мадина Сағындық облыстық «Абай әндерін орындау» байқауына қатысып, ІІ орынға ие болды. Мақпал Мәуленқұл қалалық «Ясауитану» байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.

Білімді оқушыларымыз 10 «ә» сынып оқушысы Аида Қосылхан қалалық пәндік олимпиададан ағылшын тілі бойынша жеңімпаз, 10 «ә» сынып оқушысы Мақпал Мәуленқұл қалалық пәндік олимпиададан орыс тілі бойынша жеңімпаз, 10 «ә» сынып оқушысы Балнұр Ибадулла қалалық пәндік олимпиададан информатика пәні бойынша жеңімпаз, 9 «а» сынып оқушысы Арай Тілес облыстық мәдениет басқармасының марапаттауы және қазақ тілі мен әдебиеттен пәндік олимпиада жеңімпазы, 9 «б» сынып оқушысы Мұхаммад Абад биология пәні бойынша ғылыми жұмысы республикалық кіші ғылым академиясы байқауына қатысты және қалалық «Абай» оқулары жеңімпазы, 8 «ә» сынып оқушысы Айдана Нурдуллаева облыстық ғылыми жоба сайысының жеңімпазы атанды. 8 «б» сынып оқушысы Жансая Оңдасын қалалық «Мағжан оқулары» сайысынан алғыс хат иегері, 4 «а» сынып оқушысы Дәулеткерей Мақұлбек мектепішілік ғылыми жоба сайысынан бас жүлде иегері, 3 «б» сынып оқушысы Заманбек Аманбек ғылыми жобадан қалалық жарыста Алғыс хат иегері атанды.

Өнерлі оқушыларымыз да көптеп саналады. Олардың ішінде 10 «а» сынып оқушысы Дулат Нуруллаев облыстық «Ақберен» байқауынан І орын иегері және республикалық байқау жүлдегері, 10 «а» сынып оқушысы Жетен Ердәулет «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты аймақтық жасөспірімдер арасындағы айтыс өнерінен Қаныбек Сарыбаев атындағы жүлденің иегері. 10 «ә» сынып оқушысы Базарбай Бақберген қалалық «Жас ұрпақты есірткі эспанциясынан қорғау» тақырыбында өткізілген сурет салу байқауының жеңімпазы. 4 «б» сыныбының өнерлі оқушысы Алдамұратов Даниял мектебіміздің мақтанышы. Бұл оқушылар өнерлі ғана емес, өздерінің сабақтарын да жақсы оқып, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.

Біздің мектебімізде дзюдо шеберлері өсіп келеді. Олардың ішінде мектеп қана емес, киелі шаһар намысын облыстық, республикалық додаларда қорғап жүргендер көп. 10 «ә» сынып оқушысы Бостан Үсенов облыстық дзюдо спортының жеңімпазы, 9 «а» сынып оқушысы Қахар Талғатұлы дзюдо күресінен республикалық ашық турнир жеңімпазы, 8 «а» сынып оқушысы Биболат Мәуленқұл облыстық дзюдо күресінің жеңімпазы, 8 «ә» сынып оқушысы Бибарыс Рахманқұл мен Рахат Құрманбай қалалық дзюдо күресінің жеңімпаздары. Еркін күрестен Бекболат Бабажанов жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр. 7 «ә» сынып оқушысы Бекболат Бабажанов еркін күрестен облыстық жүлдегер және Республикалық арнайы кубогтың иегері. Оның сыныптасы Жарқынбек Тамабай еркін күрестен облыстық сайыс жүлдегері.

Әрбір оқушымен ҰБТ-ға дайындық жұмысы мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланып отырады. Мектепте ҰБТ-ға дайындық барынша жақсы жолға қойылған. Мектептің басшысы Г.Макашева мен оқу ісі орынбасары Т.Меңдібаева бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестке дайындығын арттыру мақсатында өлшеусіз жұмыстар атқаруда. Мұғалімдердің оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау тәжірибесі өз нәтижесін беруде. Биылғы оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 3 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, оқушылардың орташа балы – 83,0 болды.Өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғарылағаны көрініп тұр. Қорыта келсек, өткен оқу жылында мектеп ұжымы білім беру саласына өз үлесін айтарлықтай қосты деп айта аламыз. Бұл шындығында қазіргі өскелең ұрпағымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, сапалы білім алып жатқандығының көрінісі.

Leave a reply