ТҮРКІСТАНДЫҚ САРБАЗ “ҮЗДІК ШЕКАРАШЫ” АТАНДЫ

0
28
Түркістандық сарбаз Бексейіт Кәдірбек “Шекараны үздік күзеткені үшін” медалімен марапатталды. ҚР ҰҚК Төрағасы генерал-лейтенант Ермек Сағымбаевтың және Шекара қызметі директоры генерал-майор Ерлан Алдажұмановтың Алғыс хаттарын алған азамат Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы Келтемашат ауылында 2001 жылы дүниеге келген.
Бексейіт Қаныбекұлы ҚР бойынша 2024 жылдың “Ең үздік тәрбиеші офицері” атанған. Бүгінгі таңда ел шекарасын Шығыс Қазақстан облысы аумағында қорғап жатқан азамат Қазақстан бойынша 295 офицер ішінен “Үздік” деп танылған.

Leave a reply