ТҮРКІСТАН: АГРОӨНЕРКӘСІПКЕ ӨҢІРДЕ 40 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ ҚАРАЛДЫ

0
23

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы да әзірленді. Онда ауыл шаруашылығы саласын негізгі 6 бағытты дамытуға басымдылық берілді. Тұжырымдама аясында 2027 жылға дейін жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе, салаға тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге ұлғайту, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту міндеттері қарастырылған.

Биыл Түркістан облысында 4 тоқыма, тігін және 6 жүн, тері өңдеу кәсіпорындары ашылады. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі.– Ауыл шаруашылығы Түркістан өңірінің экономикасының негізгі және жетекші саласы. Бұлай дейтін өз жайы бар. Сондықтан Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы біз үшін өте маңызды. Оны жүйелі түрде жүзеге асыруымыз керек. Мақсат – нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекеттік бағдарламалардың ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға тиімді бағытталуын қатаң қадағалау маңызды, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды. Бұдан өзге, облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта оның көлемі 5 мың гектарды құрайды. Ал су үнемдеу технологияларын пайдаланатын алқап 30,2 мың гектарға жетті. Технология ағын суды үнемдеумен қатар өнімділікті 2-3 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Ауыл шаруашылығы саласы негізгі 6 бағытты дамиды. Олар: ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, жылыжай шаруашылығын дамыту, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, жеміс – көкөніс өнімдерін сақтау жүктемелерін арттыру, мақта кластерін дамыту, мал шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын дамыту және серпінді инвестициялық жобалар. Басқосуда өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өз тәжірибелерін ортаға салды. Дамыған елдердің озық тәсілдерімен бөлісті. Жиналыста облыс ғалымдары оңтүстіктің климатына аса қолайлы саналатын жүзім өсіру кәсібін дамытуға назар аударуды атап өтті. Жоңышқа өсіруді жетілдіруді жеткізді.

Сондай-ақ, Түркістан облысында 875 мың гектар егіс алқабы бар екенін айта кеткен жөн, оның 98% – ы қазіргі уақытта пайдаланылуда. Қарқынды көгалдандыру дамып келеді. Бұл салада өнімділік бес есе өсті, бір гектардан 300-350 центнерге дейін жинайды. Қазіргі уақытта облыстағы қарқынды бақтардың ауданы 4,6 мың га құрайды.Өңірде Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында 2027 жылға дейін 500 га жаңа жылыжай кешендерін іске асыруға және жылыжай шаруашылығын дамытуға ықпал ететін 100 га агроаймақ құру жобасы әзірленіп, іске асырылуда.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл облыстың оңтүстік өңірлерінде қосымша 2 мың га дәнді жүгері, 1 мың га дәнді бұршақ егілетін болады. Бұл дақылдарды өткізу нарықтарымен қамтамасыз ету үшін Шардара ауданында құны 26 млрд теңге жүгері өңдейтін кәсіпорын (“Шардара-Агро” ЖШС) ашылады. Зауытта түрік және француз технологиялары бойынша жылына 100 мың тонна жүгері өңделетін болады. Сондай-ақ, 2027 жылға дейін мақта кластерін дамыту үшін облыста 100% мақта талшығын терең өңдеу үшін 12 кәсіпорын ашу жоспарлануда.

Leave a reply