Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШҚЫ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖАТАҚХАНАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
17

Балалардың жазғы сауықтыруын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру – басты назарда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жазғы лагерьлердің жұмыс сапасын қадағалауына алған. Биыл өңірде алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда.

Модульді лагерьдің алғашқы корпусы “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінде ашылды. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде, 250 бала – Түркістан қаласының, 100 бала – Сауран ауданының оқушылары. Қалған балалар лагерьдің жаңартылған алдынғы корпусында тынығады. “Балауса” жазғы сауықтыру орнында 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарға енді.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданындағы “Толағай” лагерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың алғашқы демалушыларын қабылдады. Жалпы әр маусымда 200-ге жуық баламен 8 маусым бойынша 1500 бала жазғы сауықтырумен қамтуды жаспарлап отыр. Демалушы балалар 5 мезгіл тамақтанып, күндерін таңертеңгі жаттығумен бастап, спорттық-эстафеталық жарыстар, интелектуалдық сайыстар, мәдени бағдарламалар мен қатар бассейнде түрлі шынығу жаттығуларымен, жаз айларындағы демалысты көңілді өткізуде.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы қала сыртындағы сауықтыру орындарында 43 мыңнан астам бала демалады. Оқушыларға 10 мемлекеттік, 24 жекеменшік лагерь қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 300 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады.

Түркістан облымында биылғы жаз айларында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тағы 2 демалыс лагері іске қосылды. Түлкібас ауданы, Келтемашат шатқалында орналасқан “Отырар” жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Демалыс аймағының алғашқы ауысымына отырарлық 153 бала қабылданды. Бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері лагерге дейін сүйемелдеп, балаларды жеткізді.

Биыл облыс аумағында жалпы саны 32 (11 — мемлекеттік, 21 — жекеменшік) балаларды сауықтыру лагері жаз маусымында балалардың демалысын ұйымдастырады. Онда балалардың қауіпсіздігі үшін барлық санитарлық талаптар қатаң бақылауда. «2025 жылдың жазғы маусымында өңірдегі 41 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру-лагерлерімен қамтылады. Облыс бойынша жаз мезгілінде мемлекеттік лагерлерде 7 ауысымда 16 718 баланы қамту жоспарлануда. Биылғы жылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалуда. Ал, 21 жекеменшік лагердің әрбірі бір ауысымда 5 400 баланы қабылдауға дайын»-деді спикер.

Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары тамақтан улану жағдайлары бойынша облыс аумағындағы ахуалды баяндады. «Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану саласы бойынша 3 883 кәсіпкерлік нысанды бақылауға алған. Ата-аналар балаларға жағдай жасап, демалыс уақытын тиімді өткізуіне қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын айтты. Биылғы жазғы демалыста Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен 1050 баланы жіберу жоспарлануда. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, “Машат-Арасан” лагеріне де биыл тынығатын алғашқы ауысымдағы балалардың алғашқы легі жайғасты. Мұнда Созақ ауданынан 450 бала тынығады. Демалыс аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 20-ға жуық бейнебақылау камерасы орнатылып, кәсіби күзет қызметі жұмыс істейді. Балалардың жазғы каникулын қызықты өткізу үшін 26 тәрбиеші мен 2 дене шынықтыру үйірмесінің жетекшісі қызмет етеді.

Лагерьге келген әрбір оқушыны адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасалған. Қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт-дәстүрін дамыту, отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін арттыруға баулиды. Ол үшін лагерьде тәрбиеші, психолог, медбике және пән мұғалімдері жұмыс атқарады. Осы мақсатта балаларға лагерьде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып, электр, өрт, жолда жүру, бассейнге шомылу, спорт алаңындарындағы қауіпсіздік туралы нұсқаулықтар таныстырылып, күн сайын ескертіп отырады.

Лагерьдің тәрбиеленушілеріне емдеу-профилактикалық, сауықтыру іс-шараларын жүргізу мақсатында ас мәзірі мен дайындау сапасы қатаң тексерілетін болады. Оқушылар 5 мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін медбикелер қызмет етеді. Баланың жеке басының гигенасын, төсек орынның тазалығын сақтауды қадағалау тәрбиешілерге жүктеледі. Балалардың дене бітімін дұрыс жетілдіру мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылмақ.

Leave a reply