ТҮРКІСТАН: БАҒЗЫДАН ЖЕТКЕН БАБА СЫЙ
Қазаққа бұл үш ғасыр.
Тарихтардан ұқсам сыр,
Рухани баспана, Һәм саяси астана деп ақындар жырлағандай. Күллі түркі әлеміне танымал Түркістан – киелі қала. Түркістан дегенде әрбір мұсылманның жүрегінде өзгеше сезім елес беретіндей. Ең әуелі атаудың өзін ашалсақ, түрік – ел, стан – орын деген сөз. Сонда ол тұтас түрік орны болғаны және түріктердің ежелгі жұртының жүрегінде тұр. Түркістан қаласы бой көтерген тұстан сәл кейінірек әлемге ислам діні де жайыла бастаған. Сар даладағы сәби қазақтың көкірегіне ең алғаш иман ұялап, ауызына Алла оралған жер де осы Түркістан. Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендеріне жәрмеңкелік әрі айырбас сауданың тірек орталығы болған Сыр бойы қалаларына, оның ішінде Әзіретті Түркістанға көрші алпауыт елдердің көз тігуі ықылым замандардан бастау алған. Түркістан қаласының соңғы бірнеше ғасыр ішіндегі жалпы жағдайынан бастап, 19 ғасырдың 60-жылдарына дейінгі халіне бірсыпыра қанықтыратын зерттеу А. И. Добромысловтың «Города Сыр-Дарьинской области» (1912) деген еңбегі.
Автор Түркістанның 10 ғасырға дейін Ясы аталып келгенін,12 ғасырдан қаланың даңқы өсе бастағанын, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін ақын қабірі зиярат ету орнына айналғанын мәлімдейді. Кішкене кент бірте-бірте ұлы шаһарға айналады. Қожа Ахметтің әулие даңқы ел билеушілерді де өзіне тартады. Ұлы қолбасшы Әмір Темір 1397 жылы Түркістанда болып, Ахмет Ясауи зиратының басына кесене орнатуға пәрмен етеді. Орталық Азия жеріндегі ең үлкен архитектуралық ескерткішті соқтыруға терең оймен, есеппен барған. Халықтың Ясауи зиратын әулие тұтатынын және шайырдың ғибратты сөздері ел арасында аса әйгілі екенін ұққан Әмір Темір дәл осы жағдайды өзінің алысты болжаған саясатына құрал етіп пайдалануды көздеген. Бұл өңірдің халқын мұсылман дініне берілгендік рухында тәрбиелеу басты есебі болса, сахараның елін билеп-төстеуге қолайлы бір орталық тұрғызу арқылы үлкен тірек орда орнатуды да мақсат тұтқан. Көп ұзамай, зәулім биік әрі қиял жетпестей әсем, әрі берік кесене алыс-жақын елдердің құлшылық етіп табынатын мекеніне айналды. Шаһардың осындай саяси әрі дінимәдени орнына қызыққан хандар мен әмірлер оны өздерінің қол астында ұстауға тырысады, қала замандар бойында түрлі билеушілердің қолына кезек көшіп отырады. 1495 жылы Темір әулетінің ақырғы өкілі Махмұт сұлтаннан қаланы Шейбани тартып алады. Ал 1582 жылы Бұхардың жауынгер ханы Абдулла Түркістанды иеленіп, қаланың билеушілерін өз қолымен өзгертеді. Кесененің Әмір Темірдің өліміне байланысты бітпей калған жұмыстарының біразы осы Абдулла хан кезінде қайтадан қолға алынады. 17-ғасырдың басынан Түр кістан қазақ хандығының астанасына айналады. Алғаш осында хандық байтағын көтерген Шығайұлы Есім болады. Хиуа ханы Әбілғазы мұнда үш рет болып, көп тарихи мағлұмат жинаған. Әбілғазы өзінің жазбаларында Есім ханның Таш кент билеушісі Тұрсынды кектесіп, шауып өлтіргенін айтады. Есім ханнан кейін Түркістанды Жәңгір хан, одан соң Батыр хан, сонан кейінгі жерде Тәуке хан билейді. Тәукенің кезінде «Жеті жарғы» аталатын аса маңызды заңдар жинаған қабылданғаны мәлім. «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол» деген сөздерде де сол хандардың заманында қалыптасқан кәделі дәстүрлерді әйгілейтін терең сырлар жатыр еді. Түркістанды байтақ астана еткен ең соңғы даңқты хан Абылай болды. Қожа Ахмет кесенесі қазақ хандары мен аса беделді билер, елдің ең ардақты адамдары жерленетін орынға – пантеонға айналды. Мұнда көшпелі өзбек,қазақтар ханы Әбілхайыр 1460 жылы қайтыс болған. Жоңғар жаулаушылығы кезінде астана қала Түркістан 25 жыл бойына жаудың қарауында болды. Түркістанның жау қолында қалып қоюы елдің жанына ауыр батқан. Халық ақындары шығарған дастандарда осы ахуал өте әсерлі жырланған. Сол замандағы халықтың бастан кешкен қасіретті хәлінің суреті Қожаберген жыраудың Қаратаудың басынан көш келеді» деген исі қазақ баласына мәлім тарихи жырында көрініс тапқан. Жоңғар алапатының ақыры қазақтардың Ресеймен одақтастық іздеуіне, патшалық қарауына өтуіне ұласканы белгілі. 1800 жылы Поспелов пен Бурнашев Павел 1 патшаның тапсырмасымен Ташкент уәлаятында болғанда Түркістан жөнінде көп мағлұмат алып қайтыпты. Олардың айтуынша, Сырдарияның оң қанатындағы бұл өңір кең дала,келісті жасыл жазық. Түркістан төңірегіне қарай Қаратаудан көп өзен, бұлақтар ағады. Әйгілі бұл қала көп соғыстардан сан рет қираған. Бұл кала көп уақыт қазақтар қарауында болған Одан кейін Бұхар хандығына бағынған, 1799 жылы Ташкент иелігіне өткен. 1819 жылы қаланы Қоқан ханы Омар басып алды,содан 1864 жылға дейін қоқандар бодандығында болады. Ресей әскерлерінің Түркістанды басып алу тарихы жеке тоқталуды керек етеді. Орынбор қарауындағы әскерден алынған үлкен жасақты бастап полковник Н.И.Верёвкин Перовскі (Қызылорда) қаласынан 1864 ж. 22 мамырда шығып, Түркістанға бет тейді. Оның қол астында бес рота жаяу әс кер, 200 атты қазақорыс, 10 зеңбірек, 5 мар тира қол зеңбірегі болған. Патша қосы нында 44 офицер және 1593 солдат бар еді. Солдаттар Қоқан сарбаздарын ысыра отырып, 8 маусымда Қарашыққа арада бір күн өтпей-ақ гүл жайнаған қаланың түбі не жетеді. Түркістан барлық жағынан да қа лын дығы 3 метрлік қалың дуалмен қоршал ған еді. Қоқандықтар да қарап қалмай патша әскерін оқ төгіп қарсы алады орыс патша әскерінің зеңбірек оқтары қамалдың дуалдарын бұзып өтеді. 1864 жылдың 12 маусымы күні орыс әскерлері Түркістанды қоқандықтардан азат етеді. Патшалық Ресейдің қарамағында (1864-1917)жарты ғасыр өткізген Түркістан шаһары. Қазан революциясы қарсаңында бүкіл Ресей өміріндегі саяси процестер мен қозғаушы күштердің демімен тыныстап,өз тарапынан үн қосып отырды. Түркістан стансасында 1915-жылы социал-демократтардың жасырын тобы темір жол мастерлері мен макта тазартатын зауыт тың жұмысшыларынан құрылып, стан са дағы темір жол училищесінің кейбір мұғалімдері мен оқушылары да қатыса бас тады. Олар Арыс-Түркістан-Шиелі учаскесінде жұмысшылардың арасында рево лю циялық жұмыс жүргізуге көмектесті, үнқа ғаздар (листовка) мен әдебиеттерді жасырын таратты.
Түркістан қаласының мәдени-әлеуметтік жағдайының, сол кездегі өзге аудан, қалалардан біршама дұрыс болуы, бі ріншіден, Орынбор-Ташкент темір жолының Түркістан арқылы өтуі еді. Соның арқасында үлкен локомотив депосы салынып, онда 1000-ға тарта адам еңбек етті. 20 ғасырдың бас кезіндегі Түркістан қаласының ауқымын үшке бөліп қарау керек: Біріншісі – ескі қаланың орны қазіргі Күлтөбе аумағы. Екіншісі – жаңа қала, кесенеден шы ғысқа қарай түскен орамдар. Үшіншісі – Борисовка қалашығы. Бұл – теміржол вокза лының солтүстік жақ беті. 20 ғасырдың 60-70 жылдарында қалада өндіріс, өнер кәсіп орындары күрт өсті. Өткен 74 жылдың ішінде мәдениет саласында да оң өзгерістер, жетістіктер болды. Ке ңес тік дәуірдің алғашқы жылдарында қы зыл отау жұмыс істеді. 20-30 жылдары мәдениет клубтары ашылып, мылқау кинолар көрсетіле бастады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Тарих сахнасында ерекше ойып орын алған киелі шаһардың рухы сынған емес,басыннан талай қиын күндер кешсе де ,халқы ерлікпен жауды қарсыалды, келешектен зор үміт күтті. Арман ақталды, қала жоғары деңгейде шарықтады, 2018 жылдың 19 маусымынан бастап Түркістан облыс орталығы мәртебемін иемденді. Ол кеше мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті , Қалың ел қазақтың, жәдігер қаласы. Исі түріктің рухани астанасы Түркістаның бүгінгі жасарған келбеті – Қазақ елінің абыройы.
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Тәуелсіздігіміздің мерейтойы аясында осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Сонымен бірге, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегі қолдауға ие болуы және бағалануы қажет. Алаш арыстарының асыл мұрасын игеру жалғаса беруге тиіс. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек»,-деп атап өткен болатын.
Ардақ БЕЙСЕНОВА, экскурсовод