Түркістан: бес жыл, бес белес…
Қазақстан Республикасы Оқу -ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының «Жаз қызығы-көңілді демалыс» іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының акт залында Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылғанына 5 жыл толуына орай «Түркістан: бес жыл, бес белес» атты әдеби –сазды поэзиялық кеш өтті. Поэзия кешін «Көркемсөз» үйірмесінің оқушылары Махкам Сабрина пен Серікбай Мұхамедәлі жүргізіп отырды. Бес жыл ішінде киелі қала жаңа серпінмен жан-жақты дамып айтарлықтай өзгергені жайлы айтылғаны бейнебаянда көрсетілді.
Түркістан – сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен, Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақ хандығының астанасы болған киелі қала. Түркі жұртының Орталық Азия мен Қазақстандағы теңдессіз тарихи жәдігері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орын тепкен жер. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Түркістанды түлету, Түркі халықтарына ортақ рухани орталық дәрежесіне лайықты ету әр адамның арманы әрі мақсаты болды. Сол арман бүгінде ақиқатқа айналды.
Көне шаһар жаңа кейіпте бой көтерді. Киелі қала жаңа серпінмен жан-жақты
дамып айтарлықтай өзгерді, жаңаша түледі, түрленіп гүлденді. Сан түрлі бой
көтерген ғимараттарды көруге ағылған халық та есеп жоқ. Шығыстың
шырайлы шаһарына айналып келе жатқан әсем қалаға,аяулы астанаға
айналды. Түркістан қаласының бүгінгі келбеті, рухани бағыт-бағдары мен
ізгі дәстүрлеріне көз қуанып, көңіліңіз марқайып, тарих тереңін бойлауыңыз
сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың
алтын қазығы, қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың
қара шаңырағы екендігін атай отырып, Түркістан осы мәртебелі міндетін
қазір де абыроймен атқарып жатқандығын және осы киелі шаһардың төл
тарихымызда айрықша орны Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
–руханиятымыздың мызғымас діңгегі,-деп Түркістан рухани және тарихи
елордамыз болуы тиіс екендігін атап көрсетті.
Бүгінде күн санап түлеп келе жатқан Түркістан мыңдаған өркениеттер
мәдениеті мен қазіргі заманғы жаңашылдық өзгерістерді өз бойына
жинақтаған жаңа шаһарға айналып отыр. Бес жылда киелі мекен адам
танымастай өзгеріп, облыста қыруар жұмыстар атқарылды.
«Түркістан: бес жыл, бес белес» атты әдеби –сазды поэзиялық кешінде Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Көркемсөз» үйірмесінің оқушылары М.Жұмабаевтың «Түркістан», М.Шахановтың «Баба Түркістан», А.Сопыбековтің «Төрт қақпалы Түркістан», Қ.Сарыбаевтың «Түркістан», Қ.Бегмановтың «Түркістан қаласы» өлеңдерін Исаханов Қасымхан мен Ғазиза, Кәрібай Ердаулет пен Сырым, Пернебаев Нұрахмет,сонымен қатар, оқушылардың өз туындылары оқылды. Түркі халықтарының рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері айтылды. «Атамекен» үйірмесінің оқушылары Ахантай Хабибрахман мен Ертай Шұғыла орындады. Орталықтың «Сымбат» би ансамблі би өрнектерімен тамсандырды, жетекшісі А.Жұманова. Әдеби –сазды поэзиялық кеш Б.Анарбаевтың «Түркістан» өлеңімен аяқталды. Кеш барысында оқушылардың әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырды.
Оразгелдиева Гүлжан Жұмагелдіқызы
Балалар мен жасөспірімдер орталығы
директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Keremet! Örkendei berıñder! Türkıstan güldene bersın!
Өте жақсы!!!