Понедельник, 9 июня

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ АТТАНАДЫ

0
9

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Лагерьлер бірінші ауысымға оқушыларды қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” жазғы сауықтыру лагерлерінде мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Өңір тұрғындарының назарына аталған тақырыпта ақпарат ұсынамыз. Жазғы сауықтыру лагерьлері алғашқы ауысымға балаларды қабылдады

Оның ішінде, облыстық бюджеттен Сайрам ауданындағы “Болашақ” лагеріне жергілікті 314 бала тынығып жатыр. Ал Бәйдібек ауданындағы “Тау шыңы” лагерінде 120 бала алғашқы ауысыммен демалуда. Кентау қаласындағы “Үркер” лагерінде Арыс қаласынан 300 бала, Ордабасы ауданынан 300 бала жазғы сауықтырудан өтуде. Басқа сауықтыруға арналған балалар лагерлері кезең-кезеңімен демалыс маусымды бастап, балаларды кестеге сәйкес қабылдайды.

Бірінші ауысым 2 маусымнан 12 маусымға дейін жалғасады. Жалпы оқушылар 7 ауысым бойынша 10 күннен демалады.  Айта кетерлігі, Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лаге Биыл жалпы 40 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Көбіне көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылады. Бұл жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік лагерьлері арқылы жүргізіледі. Сондықтан облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмысты жоғары деңгейде орындауды тапсырған болатын.

Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынған. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды. Облыстағы 1-10 сыныптарда білім алатын 439 мыңнан астам оқушының 93,5% жазғы демалыспен қамтылады. Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лагерде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биылғы жылы жекеменшік лагерлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды.

Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісім шарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалатын болады. Мемлекет тарапынан бір балаға — 59 077 теңгеден бөлінеді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала жазғы лагерлермен қамтылады. Туристік 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 129 оқушы барады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Ордабасы ауданынан 2 мың оқушы жазғы сауықтыру лагеріне барады. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында орналасқан «Urker» жазғы сауықтыру лагеріне алғашқы ордабасылық оқушылар легі аттанды. Жазғы сауықтыру лагеріне бұл жолы Ордабасы ауданындағы Амангелді, Ш.Уалиханов, Темірлан, С.Нұрмағамбетов, Бәйтерек, С.Ысмайылов, Н.Оразбаев және Жусансай жалпы білім беретін мектептерінен 300 оқушы жолдама алып, жазғы демалысты көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік алды. Жыл сайын жаз мезгілінде балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп келе жатқан бұл шара биыл да өз жалғасын табуда. Жергілікті білім бөлімі балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларына ерекше көңіл бөліп келеді.

Жазғы сауықтыру лагерінің мақсаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізіп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық пен ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосу. Лагерлерде балалардың алаңсыз демалуына барлық жағдай жасалған. Тәжірибелі тәрбиешілер мен медицина қызметкерлері оқушылардың жақсы демалыс өткізуін толық қамтамасыз етеді.

Өткен жылы 17 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетті. Оның 6-ауы мемлекеттік, 11-і – жекеменшік. Жоспар бойынша қала сыртындағы лагерлерге 28000-нан аса бала, ал мектеп жанындағы лагерлерге 153 000 бала сауықтырылды. Әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен тегін, ата-аналар есебінен ақылы демалса, 3400-дей бала «Қазақстан халқына» қоры есебінен жіберілген болатын. Бейсенбай Дәулетұлы жауапты тұлғаларға мониторингті тоқтатпай жалғастыруды ескертті. Қазіргі таңда 30-дан астам лагерьге түгел зерделеу жүргізілді. Ғимараттардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін қозғап, жауапкершілікпен атқаруға шақырды.

Бүгінде лагерьлерде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биыл жекеменшік лагерлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісімшарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалады.

 

Leave a reply