Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ 75 ТҰРҒЫН ТҰРҒЫНҒА КӨГІЛДІР ОТЫН БЕРІЛЕДІ

0
35

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады.

Одан бөлек кейінгі он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің айтуынша, 2024 жылы 86 нысанның құрылысына 12,2 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 48 нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады. Қалған 38 нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.
«Нәтижесінде Түркістан облысы тұрғындарының газбен қамту көрсеткіші 84,9 % -ға жетеді. Облыс елді мекендерін 100 % табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы бойынша табиғи газбен қамтамасыз етудің 2023-2027 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді», — деп хабарлады ведомство.
Жоспарға сәйкес, облыстағы 319 елді мекен (469,6 мың халық) 2027 жылы табиғи газбен қамтамасыз етілуге тиіс.

Leave a reply