Вторник, 17 сентября

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ, КӨШЕ БОЙЫН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

0
56

Бүгін аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Шаян ауылындағы бірқатар көшелерді аралады. Бірінші кезекте С.Қадырбаев көшесі бойынан орнатылатын балалар ойын алаңшасының аумағын көрді. Топырақ төселіп, жерін тегістеу жұмыстары басталған. Одан кейін аталған көшені аралап көріп, бірқатар тұрғындармен тілдесті. Асфальт төсеу, арық арқылы келетін ағын су, бағаналарды реттеу мәселелері талқыланды. Тұрғындарға көше бойына түсірілген құрылыс материалдарын аулаларына кіргізу, шарбақтарды реттеу, әктеу, тазалақ жұмыстарын үйымдастыру керектігі айтылды. С.Әлжанов, Қ.Нұржанова атындағы көшелерге былтырғы жылы орташа жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігермен кездесті. Орын алған кемшіліктерді уақытылы сапалы қалпына келтіруді ескертіп, жауапты бөлімге бақылауға алуды тапсырды.

Аудан басшысы абаттандыру, жүргізіліп жатқан сенбіліктер бойынша Т.Рысқұлов көшесін аралады. Аталған көшенің қас келбетін реттеу, көгалдандыру бойынша тал көшеттері егілген жерлердің аумағын тегістеу, жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардағы түрлі құрылыс қалдықтарын егелеріне ескертіп, тазалық жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар Т.Рысқұловтың бойындағы жиі орнатылған орындықтарды басқа көшелерге ауыстыру жөнінде жауаптыларға тапсырма берді.
Аталған бағытта аудан көлемінде «жасыл аймақ» апталығы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті.

Елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығында Бәйдібек ауданындағы барлық елді мекендерде жалпыхалықтық сенбілік өтуде. Туған жерді таза ұстау мақсатында аудандағы 11 ауылдық округке қарасты елді мекен тұрғындары сенбілік шығып, көше бойларындағы талдардың түбін қопсыту, әктеу, шөптерді ору, ауыл атаулары жазылған белгілер мен шарбақтарды сырлау, тал көшеттері мен гүлдер егу және тазалық жұмыстарын жүргізуде.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікте аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев шырша көшетін екті.

— Экологиялық акция аясында көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстарына белсене қатысып жатқан жерлестеріме алғыс білдіремін. Ел де, ауылда өзіміздікі. Тазалығын сақтау барлығымызға ортақ іс. Өзіміз тұратын ауыл мен ауланың тазалығын үнемі назарда ұстап, алдағы уақытта да ауданда ұйымдастырылатын сенбілік шараларына белсене қатысуға шақырамын, — деді аудан әкімі Ерлан Зипұлы.
Бәйдібек ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңадан түрлі тал көшеттері отырғызылып, ретсіз, қураған талдар кесілді. Мекемелер мен тұрғын үйлердің қас келбеттері реттеліп, шарбақтары сырланып, аулалар мен көше бойлары тазаланды.

Leave a reply