ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

0
81

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен.

Бүгін Бәйдібекте ауданы әкімі Ерлан Нұрмаханов сала бойынша орынбасарымен және жауапты мамандармен Шаян ауылындағы №19 колледждің қарсы жол бетіндегі аумақты көгалдандыру жоспарын талқылады. Аталған аумақта болып, алдағы уақытта белгіленген жерге сәнді тал көшеттерін егу, оларды суғару мәселелерін жан-жақты зерделеу жөнінде жауаптыларға тапсырма берді.

Сонымен қатар аудан аумағынан өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің аумағына сенбілік өтіп, аталған жолдың бойындағы талдарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі сенбілік өткен аумақта болып, жұмыстардың барысын бақылады. Жауапты бөлім, мекемелер мен ауылдық округі әкімдеріне жол бойындағы қалған талдарды толық әктеу жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ аудан тұрғындары сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізуде. Елді мекендерде сенбілік өтуде. Аудандағы 11 ауылдық округке қарасты елді мекен тұрғындары сенбілік шығып, көше бойларындағы қалың өскен шөптерді ору, суағарлар мен арық-атыздарды тазалау, талдардың түбін әктеу және тазалық жұмыстарын жүргізуде. Тазаланған қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылуда.

Тазалық жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.Науқан басталғалы бері облыс орталығындағы 1 521 көше бойлары және 33 мыңнан астам аяқжолдар тазаланып, 850 тонна қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, 140 мыңнан астам ағаш әктеліп, 138 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұдан бөлек, 275 саябақ және скверлер, 192 дана балалар және спорт алаңшалары тазаланды. Сонымен қатар, 146 шақырым өзендердің, каналдардың, бұлақтардың бойы мен көпірлерде тазалық жұмыстары жүргізілген.
Аталған іс-шараларға 279 техника және 15 мыңнан астам адам қатысқан. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021-2025 жылдар аралығында 1,5 миллион көшет отырғызу жоспарланған. Облыс аумағында 2022 жылы – 251 685 дана, 2023 жылы – 1 088 944 дана түрлі көшет егілген. Биылғы көктем айларында 522 935 дана көшет отырғызу жоспарланып, қазіргі таңда 483 935-і егілген.

Leave a reply