Түркістан: Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 жылда 2 пайызға өскен

0
54

Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өнім көлемі соңғы 5 жылда 54,7 пайызға өсіп, былтыр 35,6 млрд. теңгеге жетті. Биыл 7 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 39,1 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Облыста 273,4 мың гектар масақты дақылдардың 24,1 пайызы немесе 66 мың гектарын Бәйдібек ауданының егіс алқабы құрап отыр. Оның ішінде, бидай 53 мың га, арпа 13 мың га болып табылады. «Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға 109 345,9 га игерілді (105,6%).

1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру жоспары 66,4 гектар болса, бүгінгі таңда (картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ) 33 жоба іске асырылып жоспар толық орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 37 техника алынып, тапсырма 49,3 пайызға орындалды.

Мал басын көбейту бойынша өсім бар. 2023 жылы 7 аймен ірі қара мал – 67,5 мың бас (101,1 пайыз), қой- 587,9 мың бас (102,2 пайыз), ешкі – 56,9 мың бас (99,4 пайыз), жылқы – 30,2 мың бас (110,9 пайыз), түйе 286 (101,8 пайыз), құс – 125,5 мың бас (103,4 пайыз) басты құрады. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды. 2023 жылы 7 айда ет 100,2 % (6 067,6 тонна), сүт 99,5% (21 314,6 тонна), жұмыртқа 103,2 % (7 454,8 мың дана) өндірілді.

Өнеркәсіп өнім көлемі 2021 жылы 1,3 млрд. теңге болса, былтыр 1,4 млрд. теңгеге жетіп 7,6 пайызға өсті. Биыл 7 айда 464,1 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артты. Жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемін 1,5 млрд.теңгеге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6 мыңға жетіп, оларда 6,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олармен 4,2 млрд.теңгеге (І-тоқсан қорытындысымен) өнім өндірілді. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім көлемін 32,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудан бойынша 5 жылда жалпы құны 25 млрд. теңгелік 30 инвестициялық жоба іске асырылып, 388 жұмыс орны құрылады деп күтілуде (Өңдеу,кәсіпкерлік саласы-9,Туризм саласы-6, Білім саласы-2, Агроөнеркәсіп саласы-11, Балық өсіру-2).

Осы жылы 2023 жылы 4,3 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар іске асырылып, 112 жұмыс орны ашылады (Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 7 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 4 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары – 5 жоба)

Leave a reply