ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Биыл 11-сыныпты 33 884 оқушы оқу жылын аяқтады, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 2313, 2400 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Демалыс орындарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуы қажеттігіне мән берді. Бұл ретте жауапты басшыларға лагерьлердің сәйкестігін жіті тексеруді тапсырды. Құзырлы орган қызметкерлерінің бірлесе жұмыс атқаруын, дайындық жұмыстарының уақтылы әрі сапалы өткізілуін қатаң бақылауды жүктеді. Сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.
Түркістан облысында жазғы маусымда балалардың бос уақытын тиімді өткізу, денсаулығын нығайту және танымдық көкжиегін кеңейту бағытында кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жазғы демалыс кезеңінде облыс бойынша 200 мыңнан астам оқушы әртүрлі форматтағы тынығу лагерлеріне қамтылды.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекованың баяндауынша, биыл Ұлттық біріңғай тестілеуге 27 386 мектеп бітірушісі қатысады. Облыс аумағында 5 тестілеу орталығы жұмыс жасауда. ҰБТ тапсыру мерзімдері 16 мамыр мен 10 шілде аралығында облыста бекітілген 4 тестілеу пункттерінде (Түркістан, Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарында) өткізіледі. Тестілеуге қатыспайтын бітірушілерді колледждерге оқуға тарту бойынша профориентациялық жұмыстар жүргізілуде. Барлық колледждерде «Ашық есік» күндері өтіп жатыр.
Жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен 439 мыңнан астам 1-10 сынып оқушыларының 93,5%-ы қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жазғы лагерьлерде алдағы маусымға дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы облыс аумағында орналасқан 31 сауықтыру лагерлері өз есігін айқара ашады.
Биыл бюджеттен 720 млн теңге бөлініп, 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді нысан салынып жатыр. Жатын жай, жуыну бөлмелері, асхана нысандары жеңіл конструкциямен құрастырылуда. Бассейн салынуда. Осылайша 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдай жасалады. Нәтижесінде мемлекеттік 10 лагерлерде 23 838 бала қамтылады. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 608 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін жазғы демалыс шараларымен қамту үшін лагерьлерге тегін жолдамалар қарастырылады. Мемлекет тарапынан 2,1 млрд.тг.қаражат бөлінген. Бұдан бөлек, «Қазақстан Халқына» қоры есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ата-ана есебінен 5000-ға жуық бала қамтылады. Жалпы 43 223 бала қала сыртындағы және өзге де лагерлерде демалады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында арнайы дайындықтан өткен 13 мыңнан астам педагог қызмет ететін болады. 2024 жылы өңірде 31 жазғы сауықтыру лагері жұмыс істеді. Оның 9-ы мемлекеттік, 22-сі жекеменшік форматта қызмет көрсетті. Бұл лагерьлерде балалардың шығармашылығын дамытуға, спорттық және мәдени шараларға белсенді қатысуына барлық жағдай жасалған.
Атап айтқанда, облыс көлемінде мынадай танымал лагерьлер жұмыс істейді:
- Түлкібас ауданында – «Самал», «Отырар», «Арман», «Ерке»;
- Төлеби ауданында – «Тау барысы», «Алатау», «Изуми Тау»;
- Бәйдібек ауданында – «Тау шыңы»;
- Қазығұрт ауданында – «Тұрбаза-Қазығұрт», «Мейіржан»;
- Сарыағаш ауданында – «Балдәурен»;
- Сауран ауданында – «Балауса»;
- Шымкент қаласы аумағында – «Гавая» лагері.
Жалпы, жазғы демалыс кезеңінде бюджет есебінен 35 434 бала тегін тынығуға жіберілді. Сонымен қатар, 20 мыңнан астам бала ата-аналарының қаржысы есебінен ақылы лагерьлерге барды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 3 421 оқушы тегін демалыспен қамтылды. Лагерьлерде балалар үшін түрлі танымдық, мәдени, шығармашылық және спорттық бағдарламалар ұйымдастырылды. Облыстың әр ауданынан 10 баладан құралған 170 оқушы туристік бағыттар бойынша экскурсияларға жіберілді. Ал 50 бала еліміздің елордасы Астана қаласына саяхаттап қайтты.
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда. Барлық лагерлерде күзет агенттіктері жұмыс істеп, ішкі істер бөлімдерімен бірлескен бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар да қатаң сақталды. Жазғы демалыс маусымы 2024 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір балаға естен кетпес әсер сыйлап, пайдалы ортада өсіп-жетілуіне мүмкіндік жасау – Түркістан облысы әкімдігі мен білім саласы қызметкерлерінің басты мақсаты болып отыр.