Понедельник, 9 июня

ТҮРКІСТАН: ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
4

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Бұл туралы Түркістан облысының тұрғындарының назарына арнайы ақпарат ұсынамыз.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы құны (22 900 орындық) 29 мектептің құрылысы жоспарланған. 2024 жылы 13 мектеп салынса, 2025 жылы 16 мектепті тапсыру көзделген. Осы білім ұяларының құрылысы, білікті ұстаздармен қамту мәселелері облыс әкімдігінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 49 000 орын) іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Жиында мектеп құрылысына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын баяу жүргізіп жатқан аудан әкімдеріне сын-ескертпе айтылды. Жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берілді. Облыста екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады.

Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталатын 29 мектептің жер телімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ меншігіне өткізіліп, бүгінгі күнге, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылысы биылға жоспарланған 29 мектептің 27-сінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелері анықталды. Қалған 2 мектебі бойынша сатып алу конкурсы өткізілуде. Қорытындысы биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

– Барлық мектеп уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс. Басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын тұрақты бақылаңыздар. Мердігерлер жұмысты жауапкершілікпен атқарсын. Екіншіден, бұл мектептерді білікті басшылармен, педагогтармен қамту да өзекті. Қазірден жүйелеп, жұмысты ширатыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Тұрханов пен Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымбекованың есептері тыңдалды. 29 мектептің инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100 % тартылған (газ, су, электр, байланыс). 22 мектепте кірме жолдар салынған. Қалған 7 мектепте кірме жолдарына ауыр техникалардың жұмыстары аяқталған соң асфальт төсеу жұмыстары атқарылады. Құрылысы аяқталған 13 мектептің тоғызында оқу процесі басталған. 4 мектепте биылғы қыркүйек айында басталады. 2025 жылы тапсырылуы жоспарланған 16 мектептің 11-інде құрылыс жұмыстары 83%-ға орындалған.

Қазіргі таңда, 9 жайлы мектепте жалпы 736 педагог жұмыс істеуде. Білім беру ұйымдарына педагогтарды қабылдау туралы қолданыстағы нормаларға сәйкес 23 мектептің директоры тағайындалды. 6 мектеп директоры «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервінен алынды. 13 мектеп директоры конкурстық тәртіппен, 4 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалды. 2025 жылы пайдалануға берілетін 16 мектептің 12-сіне директор тағайындалды. 2 мектеп директорының лауазымы конкурс кезеңінде, 2 мектеп директоры ауысу тәртібімен тағайындалады деп күтіліп отыр.

Жайлы мектептердің алғаш­қысы Түркістан қаласында ашылған. Жаңа білім ұясы қаладағы 2 мектеп­тегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданған. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылдана­тын болады. Арнайы іріктелген ұстаз­дардан бөлек, қаржы, шаруа­шылық қызметкерлері жұмысқа алынған.  Облыс орталығының жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және роботтехника кабинет­тері заманауи жабдықтармен қамтыл­­ған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт, шебер­лік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырыл­ған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалар­дың жас ерекшелігіне орай блоктар­дың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекеше­леген кіш­кене шкафтармен қамтыл­ған. Ерек­ше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған. «Облыста білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі барлық қажетті шараны қабыл­дап отыр. Соның ішінде білім ошақта­ры­ның аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толық­тай қамтамасыз ету басты мін­дет­тер қатарында.

Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 29 мектеп салынады. Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуат­тылығы 49 мың оқушы орындық 63 мектептің құрылысын жүр­гізу жоспарланған. Облыс әкімі­нің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев­тың айтуынша, жайлы мектептен бөлек облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтерді. Оның төртеуі ел игілігіне тапсырылған. Қалған мек­тептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, биыл 14 білім ны­санын тапсыру көзделсе, 7 мек­тептің құры­лысы ке­лесі жылы аяқталады деп жоспар­ланып отыр. Түр­­лі жоба мен қаржыландыру көз­­дері есе­бінен екі жылда 50 білім ныса­­ны пайдалануға берілгенде өңір­дегі апат­ты және үш ауысымды мек­­теп­­­­тер мәселесі толық шешімін табады.

 

Leave a reply