ТҮРКІСТАН: ЖАҢАРҒАН ӘДЕП-ҒҰРЫПТАРДАН ХАБАРЫҢЫЗ БАР МА?

Бүгінгі ақпараттық-танымдық мақаламызда Түркістан облысының тұрғындарына жаңа сипат алған, тозығы жеткен дәстүрлердің жаңғыруы хақында болмақ. Ендеше, жаңа мазмұнға ие болған ғұрыптармен таныс болайық.
Жылу жинау. Бір бақытсыздыққа ұшырағанында, үй мүлкі, малынан айырылғанында ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны олардың ор тасынан бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем – жылу жинау деп аталады. Арам жолмен шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Олар: дүние-мүлкін қартаға салып ұтқызып жібергендер, зинақорлыққа салғандар, ішіп құртқанд
қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп қойғандар. Егерде қазіргі таңда осы дәстүрді қайта жаңғыртар болсақ, елімізде жағдайы төмен адамдар азаяр еді. Ағайын-туыс арасы тату, берік болар еді. Әрі бұл-игілікті іс. Берері көп-дәстүр, жақсы жақтары айта берсе өте көп. Сондықтан осы жылу жинау әдет-ғұрпын қайта дамыту керек.
Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі. Ол ораза ұсталатын Рамазан айында ғана орындалады. Жарапазанды жас-кәрісіне қарамай барлығы айта береді.
Жарапазан «Жа-Рамазан», яғни арапша «Рамазан келді» деген сөзден шыққан. Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл қазақ ауылы, қауымы боп айтылған болса, ал қазіргі кезде ол қолданыстан қалып бара жатқан ұлттық фольклордың бірі. Елімізде Рамазан айының қасиеті асқақтап, арамызда ораза ұстаушылар қатары жылдан жылға молаюда ата-бабамыздың бүгінге ауыз әдебиеті арқылы мұра боп жеткен Жарапазан жыры қайтадан жаңғырып, ол жаңаша реңке ие болады деген үміттеміз.
Негізінен, жарапазан айту мерзімінің өзіндік тәртібі бар. Ол Ораза айтында ғана емес, Рамазан айы туғанда да айтылады. Басында Оразаның алғашқы үш күнінде ауыз бекітер алдында, үйдің ту сыртынан айтылады. Бұл бір жағынан ауыз бекіткен адамды сәресіне ояту үшін жасалады. Алдымен жарапазан желдірмесі, сосын жарапазан сөзі, одан кейін жарапазан батасы айтылады. Жарапазан айтқан жарапазаншыға үй иесі оянып, беліне ақтық байлап, дәм ұсынып, разы қылып шығарып салған. Жарапазанды үлкендерден үйренген ауыл балалары да жаттап алып, топтасып кешке ел орынға отырған шақта ауыл аралап жарапазан айтқан. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты, әділет пен адалдықты, оразаны дәріптейді. Өзіндік сарыны бар. Оған негізінен діни сенім арқау болады. Қазақ халқы ерте кезден-ақ ислам діні жолында. Біз хақ жолымен жүріп, мұсылмандық парыздарымызды өтеп, амал етіп күн кешкенбіз. Дегенменде, бодандықтың зардабы салдарынан дініміз де тіліміз де, салт-дәстүріміз де
жапа шекті. Жарапазан айту дәстүрін жалғау арқылы аз да болса мұсылмандығымызды жаңғыртармыз.
Баурына салу (ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни «бауырына салуы» ежелден бар қағида. Мұның да жөн-жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасымен етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке-шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Алайда, бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке-шешесінің, аты айтылып, жаназасы шығарылады. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін «бауырына салып» алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды. Егерде бүгінде біз осы «бауырына салу» ғұрпын қайта жаңғыртсақ, қазіргі таңда балалар үйі азаяр еді, тіпті, мүмкін болса, мүлдем болмас еді. Себебі, қазақ халқының туған-туыстары, жақын жандары жетерлік. Қазақта жалғыз адам жоқ. Сондықтан біреудің баласы жетім қалып жатса, келесі туыстары асырап алар еді. Қазақ жетімін жылатпаған халық. Осы ғұрып арқасында анасыз, әкесіз, жалғыз өскен жетім балалар болмас па еді.
Тағы бір айтқым келіп отырған дәстүр «Қыз айттыру». Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал » деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден , аталы, іргелі ауылдардан қарайды. Тұқымында, тегінде ауыруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «Қыз айттыру» дейді. Менің ойымша егер әр ата-ана өз баласының болашағын ойласа, уайымдаса, осы дәстүрді жалғастырады. Егер бұл дәстүр қайта жаңғырар болса құдалардың арасы жақын, тату болар еді. Сонымен қатар, бүгінде орын алып отырған ене мен келін арасындағы түсініспеушілік пен араздық болмас па еді?
Бұл салтты қолданатындар некен-саяқ. Бұл салт дәстүрді мен озық дәстүр болмаса да тозық дәстүрдің қатарына жатқызбас едім. Өйткені қазіргі замандағы интернет жүйесі арқылы танысып, бір азғана уақытта бас қосып, үйленіп, ажырасып жатқан жастар қаншама десек, егерде ата-анасы жастарды ертеден таныстырып, бірі –біріні ертеден көрісіп, біліссе, өнегелі жанұяға айналып, айырылысу саны да күрт азаяр еді деп санаймын.
Белкөтерер — бала түгіл үлкен адамдарда біле бермейтін салт — дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны балалары, көрші — көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып — қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ салт — дәстүрімізге деген құрмет болар еді.
Біздің қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі, әдет –ғұрпы, жөн-жоралғылары көнеден келе жатқан асыл қазынамыз. Оны келер ұрпаққа жалғастыру біздің міндетіміз. Қазақта әр нәсенің өз ерекшелігі, дәстүрлі атаулары, ұғымдары бар. Тәрбие тамыры қазақ халқының қаны мен жанында.
Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына қайта оралудың рөлі туралы: «Әр халықтың өміріндегі терең имандылық пен рухани негіздерге, дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз. Мәдени дәстүрлер қашан да әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи-мәдени тамырларына қайта оралу – бұл, әрине оң процесс» деген сөз бар.
Жылдар-жылдар тарихтың мол бекеті,
Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.
Көңіліңді шат сезімге баурайды
Халқымыздың бүгіні мен ертең.