Суббота, 10 мая

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АРДАГЕРЛЕР САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

0
14
✔️Жеңіс күніне орай, Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінде ауыл азаматтарының демеушілігімен «Ахан ата» ардагерлер демалыс саябағы ашылды.
✔️Аумағы 0,28 гектарды құрайтын саябақта зұлмат жылдарда жеңісті жақындату үшін өмірлерін қиып, қан майданға аттанған еліміздің берік қорғанындай болған батырлары мен еңбек майданында белі жазылмай тер төккен тыл ардагерлерінің есімдері қашалып жазылған мәрмар тақтайшалар орнатылып, келушілерге арналған демалыс орындары мен гүлзарлар қарастырылған.
✔️Құны 18 млн теңгені құрайтын демалыс саябағының салтанатты ашылу рәсіміне Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен есімдері елге үлгі болған ардагерлердің алыс-жақын ағайын-туыстары, қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері қатысты. Дүниеден өткендердің рухтарына құран бағышталып, ас берілді.
✔️Мерекелік іс-шарада аудан басшысы көпшілікті құттықтап, бірқатар азаматты алғыс хаттармен марапаттады.
✔️Айта кетейік, саябақта орнатылған ескерткіш тақтайшаларда Ақниет ауылынан шыққан 9 тарихи тұлға мен 62 Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерінің, 44 тыл ардагерінің есімдері қашалып жазылған.

Leave a reply