Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
22

Жетісай ауданында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, бұл тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Қазіргі таңда Жетісай ауданында 105 елді мекеннің 66-сы табиғи газбен қамтылған, бұл ауданның жалпы елді мекендерінің 62,85%-ін құрайды. 2025 жылдың басында Түркебай елді мекені газбен қамтамасыз етілді, ал жыл соңына дейін Жаңа ауыл, Қарой, Әбдіхалық, Мырзашөл және Атақоныс елді мекендеріне газ жеткізу жоспарлануда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 700-ге жуық үйдің тұрғындары көгілдір отынмен қамтылатын болады. Осы тұста Жетісай ауданында көгілдір отынды тұтынушы елді мекендердің саны тағы біреуге артты. Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекені тұрғындарының қуаныштарын бөлісуге аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов қатысты. 2023 – 2024 жылдарға республикалық бюджеттен қаралған жалпы сметалық құны 204 857 мың теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын «Exclusive Story Corporation» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Ендігі кезекте ұзындығы 9,062 шақырымды құрайтын газ құбырынан 1220 тұрғын табиғи отынды ешбір қиындықсыз тұтынатын болады.

Жалпы, 2025 жылы аудан бойынша 21 елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін республикалық бюджеттен 9,8 млрд теңге қаржы бөлініп, 14 жобаның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 6 елді мекенде газдандыру жұмыстары толық аяқталып, 10 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтылды. Жетісай ауданын толықтай табиғи газбен қамту мақсаты 2027 жылға дейін жүзеге асырылмақ. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін аудан әкімдігі мен «QazaqGazAimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы бірлесіп жұмыс жүргізуде. Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындарының өмір сапасы жақсарып, экологиялық жағдайдың да оңалуы күтілуде.

Жетісай ауданындағы газдандыру жұмыстары тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес ауданда жыл басынан бері Қызылқұм ауылдық округінің Түркебай, Жалпаққұм, Алғабас, Ақтөбе, Қосқұдық, Мақталы елді мекендері, Абай ауылдық округінің Халықтар достығы елді мекені, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті және Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекендері көгілдір отынға қосылса, жыл соңына дейін тағы Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Атақоныс елді мекендеріне, Ж.Ералиев ауылдық округінің Жетіқазына, Бәйтерек, Сейфуллин елді мекендеріне, Мақталы ауылдық округінің Дархан, Сарқырама, Мақталы, Алмалы, Жібек жолы, Темір жол елді мекендеріне, Қызылқұм ауылдық округінің Датқа, Көбек, Киров және 1-мамыр елді мекендеріне табиғи отын беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елді мекендерге қажетті инфрақұрылымдарды жүргізу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде бүгін Жетісай ауданында тағы 3 елді мекен табиғи газға қосылды. Аталмыш шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин мен «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов, «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров онлайн режимде қатысса, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Серікұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров пен «QazaqGazAimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев, аудандық мәслихат депутаттары Қахарбай Исаев, Марат Ділдәбеков пен Жетісай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, «QazaqGazAimaq» АҚ ТӨФ Жетісай газ шаруашылығының директоры Бақтыбай Акеев пен «QazaqGazAimaq» АҚ ТӨФ Атакент газ шаруашылығының директоры Ділдәбек Паяев, ауыл ақсақалдары офлайн қатысты. «QazaqGazAimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев көгілдір отынға қосылып отырған Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекеніндегі 147 отбасының 790 мүшесі, Мақталы елді мекеніндегі 111 отбасының 586 мүшесі, Ш.Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Күрішті елді мекеніндегі 34 отбасының 179 мүшесі енді табиғи газды ешбір кедергісіз пайдаланатынын, ауданды газдандыру жұмыстарының алдағы 3 жылда толық аяқталатынын жеткізді.

Айта кетейік, өткен жылдың өзінде 105 елді мекені бар ауданның 71 елді мекені газбен толық қамтылып, газдандыру көрсеткіші 67,6 пайызды құраған. 2024 жылы 29 елді мекенді табиғи газға қосу үшін республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден 3,4 млрд. теңге қаржы қаралып, жыл қорытындысымен 21 ауылда құрылыс жұмыстары аяқталған. Қарасақал, Қызылқұм, Абай, Жалпаққұм, Түркебай, Халықтар достығы, Қызылту табиғи газға қосылған. Биылғы жылдың соңына дейін елді мекендердің табиғи газбен қамтылуы 85,7 пайызға жетеді деп жоспарлап отырған мамандар соңғы 3 жылда газдандыру жұмыстарының 32,4 пайызға артқанын айтады.

Leave a reply