Суббота, 24 мая

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

0
13
✔️Түркістан облысы әкімдігінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы саладағы қауіпсіздікті күшейту жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Мәжілісте құзырлы орган өкілдерінің осы түйткілге қатысты есептері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Облыс әкімі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
📌– Облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Қауыпті аймақтарды анықтап, жол бойына ескерту белгілерін орнату қажет. Жолға ауапты мекемелер жолдың сапасын жақсартуға күш салулары қажет, – деді облыс әкімі.
✔️Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде жол-көлік оқиғалары өзекті мәселе болып тұр. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Полиция департаменті мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдап жатыр. Облыста күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Әкімдіктің қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер енгізілуде. Автомобиль жолдарында жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркеудің 25 мобильді кешені қолданылуда. Бұдан бөлек, 215 тұрақты автоматтандырылған кешені жол қозғалысын қадағалайды.
✔️«Түркістан-Шымкент», «Шымкент-Тараз» бағытындағы ақылы жолдарда «ҚазАвтоЖол» қадағалауындағы бейнекамералары орташа жылдамдықты есептеу іске қосылған. Аталған құрылғылар тиімділігін көрсетіп, іске қосылғанан бері (17 наурыз) бұл бағыттарда жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Қарсы бағытқа шығып кетуді дронмен анықтау үшін әуе арқылы патрульдеу жүзеге асырылуда.
✔️Мәжілісте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, «Қазавтожол» мекемесі және Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшылығының пікірлері мен баяндамалары тыңдалды. Ұсыныстар мен мәселелер бақылауға алынды.

Leave a reply