ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛЕДІ
Түркістан облысында жылына 200 млн дана жұмыртқа және құрама жем шығаратын зауыттар салынбақ. Бұл мақсатта қазір Бәйдібек ауданында 100 гектар жер учаскесі қарастырылып, құжаттары рәсімделуде.
“ERNUR” ЖШС-нің жеке инвестициясына жүзеге асқалы отырған зауыттың құрылысы биыл басталады. Ал жобаның жалпы инвестициялық құны 8 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда құны 1,5 млрд. теңге болатын мал азығын шығаруға қажетті құрал-жабдықтар Түркиядан әкелінді. Аталған жабдықтардың көмегімен сағатына 20 мың кг жем өндіруге болады. Ал құс фермасы 600 мың басқа лайықталған. Онда жылына 200 млн дана жұмыртқа шығарылып, бірінші кезекте ішкі нарықты қамтымақ.
Жалпы жоба толық қуатымен жүзеге асып, зауыттар іске қосылса 100-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
Жұмыртқаға сұранысты (экспорт пен ішкі нарықта сатуды) он бір айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар 96,6%-ға қамтамасыз еткен. Бұл ретте экспорттың үлесі қолда бар ресурстардың тек 4,2% құрады, ал бір жыл бұрын 30,4% болған еді. Тек 204,9 миллион жұмыртқа сыртқы нарыққа жіберілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 есе аз.
Бір жылдан аз уақыт ішінде ішкі нарықта 4,7 миллиард жұмыртқа сатылды, жылдық өсім қарқыны 25,7%-ды құрады. Он бір айда елдің әр тұрғынына орташа есеппен 247,2 жұмыртқадан келеді. Орташа алғанда әрбір қазақстандық үш күнде екі жұмыртқадан жейді, яғни күніне бір жұмыртқадан аз жейді.