ТҮРКІСТАН: ЖЫЛҒАДАҒЫ СУ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
56

Сарыағаш ауданының Жылға ауылдық округінде су ұңғымаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аудан әкімінің орынбасары М.Байғабұлов ауылдық округке арнайы барып, ауылдық округке қарасты Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендерінің су ұңғымаларының жағдайымен танысты. Содан соң. ауыл тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесуге Жылға ауылдық округінің әкімі, ауданның тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысының м.у.а.қатысты.

Бақылау барысында су ұңғымаларына су құбырларының ескіріп, су деңгейі төмендегені анықталған Себебі ұңғымылар 60 жылға жуық уақыт алдын бұрғыланған. Мән-жаймен танысқан аудан әкімінің орынбасары алдағы уақытта су ұңғымаларына ағымдағы жөндеуден жұмыстары жүргізілетіндігінін атап өтті.

Айта кетсек, Жылға ауылдық округі, Қарақалпақ және Шымырбай елді мекендеріндегі су ұңғымаларын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында облыстық бюджеттен қаржылары қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп,жеңімпаз мердігер мекеме анықталған.

Түркістан облысының бірқатар аймақтарында ауыз су мәселесі өзекті. Кейбір аумақта табылған су тартылып кетсе, енді бір аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары нәтиже бермеуде. Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш, Келес аудандарына арнайы іс-сапармен барды. Онда елді мекендердегі ауыз су саласындағы қордаланған мәселелерді көріп, шешу жолдарын қарастырды. Алдымен Сарыағаш ауданындағы «Нұра» топтық су жүйесі РМК-нің жұмыс барысымен танысты. Тазартылған ауыз су Сарыағаш қаласы мен аудан аумағындағы 16 елдімекен және Келес ауданындағы 8 елдімекенді ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Жалпы 134 мыңнан аса тұрғынға ауыз су берілген.

Одан кейін, іссапар Құркелес ауылдық округінің Дастан елді мекенінде жалғасты. Кестемен берілетін ауыз су нысандарында ауыз су көлемі төмендеген және су тазартқыш сүргілері жарамсыз күйге түскен. Нәтижесінде тиісті сала өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді. Алдағы уақытта ұңғымаға жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Келес өзенінің бойынан бұрғыланып жатқан су ұңғымасының құрылысымен танысты. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, бұған дейін жүргізілген бұрғылау жұмыстары нәтиже бермеген. Қазіргі таңда Келес өзені маңынан 200 метр ұңғыма қазылуда. Қажетті су қоры анықталған соң Алпамыс батыр ауылдық округінің Ақжол және Қауыншы елдімекендері ауыз сумен қамтылатын болады. Келес ауданындағы іссапар Біртілек ауылдық округінің Игілік елді мекенінде жалғасты. Онда ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған. Енді мемлекеттік қабылдау рәсімдері аяқталған соң «ҚазСуШар» РМК-ға қарасты «Оңтүстікауызсу» филиалының «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесі мекемесіне сенімгерлік басқаруға өткізіледі. Нәтижесінде 1 151 тұрғын ауыз сумен қамтылады.

Іссапар соңында Зұлпыхар Сансызбайұлының төрағалығымен Келес ауданы әкімі аппаратында Келес, Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай, Шардара және Қазығұрт аудандары әкімдерінің қатысуымен жиын өтті. Оған су саласына жауапты министрлік өкілдері, мамандары, ауыз су саласына қатысты мекеме басшылары мен мердігер мекеме өкілдері де қатысты. Онда нысандарды аралау барысында көрілген кемшіліктерді жою жөнінде сөз қозғалып, ұсыныс, пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ кестемен берілетін ауыз су нысандарының мәселесін шешу жолы талқыланды. Тиісті сала басшыларына арнайы іс-шара жоспарын бекітуді тапсырды.

Leave a reply