ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА ӨҢІРДЕ «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖИІ ӨТКІЗІЛЕДІ

Түркістан облысында жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, жастарды еңбек нарығына бейімдеу және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізілуде. Мұндай іс-шаралар еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тоғыстыру арқылы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған.
Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатып, нақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Аталған шарада түрлі сала бойынша бос жұмыс орындары ұсынылып, тұрғындарға «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Күміс жас» сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Жыл басынан бері бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы 1,3 мыңнан астам борышкер жұмыспен қамтылды.
Атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. 2025 жылғы 1 тоқсанда сот орындаушыларының орындауында шамамен 11,3 трлн теңгені құрайтын 5,9 млн құжат болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады. Оның айтуынша, толық көлемде орындалған құжаттар саны 489 мыңды құрайды. Өндіріп алушылардың пайдасына 113 млрд теңге, мемлекет кірісіне 10,6 млрд теңге өндірілді.
Алимент өндіріп алу бойынша орындауда 285 мың құжат тіркелген. Олардың ішінде 278 мыңға жуық құжат мерзімді өндіріп алынуда, яғни алимент борышкердің жұмыс орнынан ай сайынғы жалақысынан ұсталады. «2025 жылы алимент бойынша өндіріп алынған берешек сомасы 1,6 млрд теңгеден асады. Ал, проблемалық алименттер саны 15 мыңды құрайды, олар бойынша берешектің мөлшері шамамен 19 млрд теңге. Бұл құжаттар бойынша борышкерлер төлем жүргізбейді. Оларға қатысты атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ететін мәжбүрлеп орындату шаралары қолданылады. Атап айтқанда, берешекті өндіріп алу үшін мүлікті өткізу және борышкердің электрондық ақшалары мен жасырын кірістерін анықтау, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту», – деді спикер.
Проблемалық алименттер санын азайту мақсатында сот орындаушылары жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізуде. «2025 жылдың 1 тоқсанында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері арқылы 1,3 мыңнан астам борышкер жұмыспен қамтылды», — деді комитет төрағасы. Сондай-ақ 2025 жылы 1596 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 123 борышкер, 430-бабы бойынша 3 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл шаралар жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға, жастарды еңбек нарығына бейімдеуге және әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Осы тұста Түркістан облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыссыз азаматтар, оның ішінде әлеуметтік осал топ өкілдері, пробация қызметінде есепте тұрғандар, бұрын сотты болғандар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар белсенді қатысты. Бұл олардың еңбек нарығына қайта бейімделіп, тұрақты табыс көзіне қол жеткізуіне жол ашады.
Жәрмеңкеде жергілікті кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сұранысқа ие мамандықтар бойынша 300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Қатысушылардың көпшілігі құрылыс, білім, денсаулық сақтау, сауда, ауыл шаруашылығы, өндіріс және қызмет көрсету салаларындағы жұмыс берушілермен сұхбаттасып, нақты келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар кәсіптік бағдар беру бұрышы ұйымдастырылып, жастарға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жайлы кеңес берілді. Мамандар оларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсынып, дұрыс бағыт таңдауға көмектесті.
2025 жылы Түркістан облысында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде 83 554-і – тұрақты, ал 47 215-і – уақытша жұмыс орны ретінде көзделуде. Жыл басынан бері атқарылған шаралар нәтижесінде 10 мыңнан астам азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. 2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.