ТҮРКІСТАН: ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕ ИНТЕРАКТИВТІ ФОРМАТТА СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: тұлға тәрбиесі» атты семинар-практикумы өтті. Семинардың-практикумның басты мақсаты Түркістан облысындағы білім саласының мамандарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында мектептерде тәрбие және кітапхана жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шараға, облыстық, аудандық білім беру басқармасының әдіскерлері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп кітапханашылары қатысты.
Түркістан облысы бойынша 400-ге жуық білім саласының мамандары қатысқан жиынның шымылдығын аталмыш мектеп директоры Балқан Қасымов және Назарбаев Дербес білім беру ұйымының басқарма Төрайымының Кеңесшісі Наталья Жұмаділдаева ашып, тәрбие мен кітапхана жұмысы арқылы жүзеге асырылатын жобалар барсындағы алмасқан тәжірбиелеріңізді өз орталарыңызда насихаттап, кеңінен танытасыздар деген сенім білдіреміз дей келе білім майталмандарына сәттілік тіледі.
Жоғары санатта ұйымдастырылған бұл тәрбие жұмысы мен кітапхана жұмысы арқылы жүзеге асырылатын жобалар 20 секцияда таныстырылды. Оның 15 секциясы тәрбиеге байланысты, 5секциясы кітапханаға байланысты.
Атап айтар болсақ оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы жобасы, «Екі апта ауылда» жобасы;
Қазақ әдебиеті мен мәдениетін , тарихын кеңінен насихаттайтын «Ұлы дала ақындары», «Замандастар жырлары», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қазақ әндері», «Жүз күйдің тарихы», «Зияткерлік мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 100 кітап», «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобалары;
Қоғамның белсенді тұлғасы ретінде тәрбиелеуге бағытталған «Ата-ана жұмысындағы 10күн», «Ата-ана жұмысындағы 1 күн», «Қоғамға қызмет ету» жобасы:
Оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс пен ғылыми ізденіске баулитын «Даналық бейсенбі», «TED* NIS клубы», «Wikipedia клубы» жобалары;
Кітап оқуды насихаттайтын заманауи әдістерді меңгертуде «Bookrossing» «Reading tim- Оқу сағаты», «1.2.3», «Кітап әлемді бағындырады», «Memoro» жобалары.
Семинардың ерекшелігі секция жұмыстарындағы алған теориялық сипаттағы білімдерімен практикалық жұмыс арқылы интерактивті форматта жүзеге асырды.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.