ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР БАСПАНА САЛУҒА НИЕТТІ

0
81

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 2025 жылға дейін 49 мың бала білім алатын 63 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған заманауи, жайлы мектептердің салынуы өңірдегі үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілмек. Жоспар бойынша биыл өңірде 29 оқу ұясы қолдануға берілмек, олардың 19-ы алдағы жаңа оқу жылы қарсаңында ашылады.

Арыс қаласына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім беру нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігерлер мен жобаны үйлестіруші «Самұрық-Қазына» қорының өкілдерімен түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл ретте жұмыс сапасының ақсамауын ескертті. Облыс әкімі кемшіліктерді ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруды айтты.

Салынып жатқан заманауи білім ордасы 600 орынға лайықталған. Құрылысы өткен жылы басталған мектеп күзде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Айта кетейік, биыл Наурыз тұрғын ауданынан «Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір жаңа мектептің құрылысы басталады. Одан бөлек, Отырар тұрғын ауданында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ И.Журба мектебіне 300 орындық қосымша корпус, Онтам шағын ауданынан жеке кәсіпкер есебінен 200 орындық мектеп құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 2 мектеп пен 5 балабақша салынбақ. Осылайша Арыс қаласында мектеп тапшылығы мәселесі толық шешімін табады.

Арыс қаласындағы «Барыс» шағын ауданында жеке инвестор есебінен тұрғын үй салынып жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласына іс сапары аясында құрылыс алаңына барып, үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті. 60 пәтерлі 2 көпқабатты тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Leave a reply