ТҮРКІСТАН ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

0
26

Бүгінде ірі жобаларды жүзеге асыра­тын 100 гектар аймақты басқаруды рә­сім­деу Арнайы экономикалық және ин­дустриялық аймақтар туралы Заңға сәй­­­­кес жүзеге асырылып жатқанын айт­қан басқарма басшысы, Қытай кәсіп­орын­дарымен тағы да бірқатар келісімдер жүргізіліп, нәтижесінде көптеген қажетті құрал-жабдықтар мен т.б өндіріс орында­­­рына керекті зат­тардың жеткізіліп жат­қанын айтты. Жал­пы, Қытай елінің ин­вес­торларымен бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

Оның қатарында – көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу арқылы түрлі медициналық материал­­­дарды дайындау. Тамшыла­тып суару жүйе­лері зауытын салу. Шыбын-шіркей мен жәндіктерге қарсы химия­­лық өңдеу заттарын шығару, мал сою бекеті және мал қалдықтарын қайта өңдеу зауыттарын салу бойынша инвес­­торларды тарту бойынша келіссөздер жүр­гізілуде.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту әрі жұмыссыздық көрсеткішін азайту бағытында тәжірибе алмасу үшін делегацияның Андижан облысындағы «Ипак кучат» кластерінің тұт ағаш­тары­ның планта­циясын аралап, түрлі сорт­тарымен және жібек жібін өндіру зауы­­тымен та­ныстырылымы ұйым­­­­­­­­­­­да­сты­­­­­­­­­­­рылған.

Өңірдің кәсіпкерлері жібек мата өндірісінің толық процесін бақылап, қызығушылық танытқан кәсіпкерлер жібек өндірушілерімен пікір алмасып, байланыс орнатты. Нәтижесінде, Өзбекстандық Жібек ассоциа­циясының төрағасы және Өз­бекстандық кәсіпкер­лер биыл 28 қыр­күйекте облыс әкімімен кездесті. Бұл ба­ғытта Өзбек тарапымен бірлесіп жібек сала­сын дамытудың өңірлік бағдарла­масы әзірленуде.

Осыған қоса, Өзбекстан Республи­касы эко­номикасының жаңа өсу нүк­телерін зерттеу мақса­тында іссапар ұйым­­дасты­рылды. Іссапар аясында мақ­та клас­­­терін және үй жағдайында шағын орта бизнесті дамыту жолдары қарасты­рылды. Облыс­тық делегация Хорезм, Самарқанд, На­ман­ган, Ферғана, Жыз­зақ облыстарына және Ташкент қала­ласы­ның кәсіпкер­лері­мен кездесіп, тәжірибе алмасты және өн­діріс орында­рымен танысқан. Сонымен қатар іссапар аясында Global Textile мақта кластерін Түркістан облысында дамыту үшін, Global Textile компаниясының басшылы­ғымен тал­­қы­ланды. Қазір аталған жобаның Жол кар­­тасы бекітіліп, Мақтаарал ауда­­нында 30 гектар жерге «Наманган 77» мақта сорты пилоттық ретінде егіл­гендігі жө­нінде Ин­вес­тициялық штаб отырыста­­рында баяндалған болатын.

Сондай-ақ Өзбекстан капиталының қатысуы­мен «Тұран-мебель» жиһаз шы­ғару зауыты инвести­циялық жобасы жү­­зеге асырылуда. Қазіргі кезде Қытай­дан құрал-жабдықтар жеткізілді. Жоба­ны іске қосу 2023 жылдың қазан айының соңында жос­парлануда.

Leave a reply