Thursday, November 21

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 8 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП, 1175 АДАМҒА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

0
102

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығын дамыту, көкөніс өнімдерін, мақта өсіру, егін жай өнімдерін дамытуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Келес ауданында 2022-2025 жылдары жалпы құны 44,3 млрд.теңгені құрайтын 8 жоба іске асырылып, ауылшаруашылық саласында 1175 адамға жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

«Өткен жылы Келес ауданындағы өндірілген аумақтың жалпы өнім көлемі 107,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылығы саласының үлесі 65,5%. Ал, негізгі капиталға 17,7 млрд.теңге инвестиция тартылған. Биыл аудандағы жалпы өндірілген өнім көлемін 119,3 млрд теңгеге жеткізу жоспары тұр. Бүгінгі таңда аудан халқын жұмыспен қамту мақсатында түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Соның ішінде «Нұрболат» ӨК Жалпы жоба құны 3,0 млрд.тг болатын 5 нысан «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы 2023-2025 жылдары іске асырылып, 200 жаңа жұмыс орнынашу жоспарланған. Олар: Абай ауылы Қонаев көшесі № 20 үйден «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы аяқталып, 2023 жылы іске қосылды. Біртілек ауылдық округі аумағынан 17х9 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ошақты ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 2 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Ұшқын ауылдық округі аумағынан 28х14 көлемінде 1 қабатты ғимарат құрылысы жүргізілуде. Абай ауылы аумағынан 5-блогтан тұратын орталық аурухананың құрылысы жүргізілуде. «Эмир-Дэмир» ЖШС Біртілек а/о аумағынан жалпы құны 300,0 млн.теңгені құрайтын 30 гектар иновациялық жылыжай кешенінің құрылысы.

Ашылатын жұмыс орны 75 адам. Іске асыру мерзімі 2024-2025 жыл.«Умитай» шаруа қожалығы Қошқарата а/о аумағынан жалпы құны 450,0 млн.теңгені құрайтын 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы және ет өнімдерін өңдіру цехының құрылысы. Жұмысшылар саны 8 адам. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл.ЖК «Ағайындылар» Абай ауылы аумағынан жалпы құны 200,0 млн.теңгені құрайтын сыйымдылығы 10 орындық қонақ үй кешені құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.«Saryagash Alpamys» ЖШС Алпамыс батыр а/о аумағынан жалпы құны 610,0 млн.теңгені құрайтын минералды су өнімдерін өндіретін зауыттың құрылысы. Жобыны 2024 жылы іске қосып, 47 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған.Зауыттың жылына өндіру қуаттылығы 5,9 млн.литр.«Сарыагаш-QZ» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 120,0 млн.теңгені құрайтын «Ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру» зауытының құрылысы. Жобаны 2024 жылы іске қосып, 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 12,5 тонна ет өнімдерін өңдеу жоспарланған.«UBS KZ» ЖШС және «UBS Solar» ЖШС Ақтөбе а/о аумағынан жалпы құны 5,6 млрд.теңгені құрайтын 50,0 гектар жер учаскесіне қуаттылығы сағатына 20 мВт электр қуатын күн сәулесінен өндіретін электрстанциясының құрылысын жүргізіп, 15 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Іске асыру мерзімі 2023-2024 жыл.«ECOCULTURE-EURASIA»ЖШС 2023-2024 жылдары аралығында жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайтын 51 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салып, 700 адамды жұмыспен қамту жоспарлаған», – деді аудан әкімі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аудандағы 60,7 шақырым автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдардың үлесін 70,9% жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, аудандағы Қошқарата ауылдық округі, Жамбыл елді мекеніндегі №28 Мақташы, №11 Жолбасшы мектеп ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарына 111,5 млн.тг бөлініп, осы жылдың тамыз айында қолданысқа берілмек.

Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына ауданнан 4 ауылдық округ енгізіліп, Қошқарата ауылына 1 кооператив өсімдік шаруашылығы саласын, Ошақты ауылына 1 кооператив мал бордақылау алаңдарын дамыту қолға алынбақ. Сондай-ақ, Ақтөбе ауылына 2 кооператив сүт өнімдерін өндіру және балық шаруашылығын, Біртілек ауылына 1 кооператив жылыжай кешенін салу және жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіру, қайта өңдеу бағытын дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, индустриялды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер учаскесі бөлініп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданған.

Leave a reply