Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕ ЖӨНДЕЛДІ

0
12

Түркістан облысы Келес ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 53 шақырым болатын 21 көшеге тас төселген болса, 150 шақырымнан асатын 97 көшеге асфальт төселді. Нәтижесінде елді мекендердегі ішкі көшелердің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 24%-дан екі есе артты.

Жоба ағымдағы жылы жалғасын тауып, Ошақты, Біртілек, Жүзімдік ауылдық округтері мен Жолбасшы және Жүзімдік елді мекендеріндегі 30 шақырымнан асатын 18 ішкі жолдар жөндеуден өтеді. Бүгінде жолды жөндеу жұмыстар басталды. Биыл сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен 41,5 шақырымға, яғни 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, яғни асфальт жол салып, шағал-тас төсеу жоспарлануда.

Жалпы аудан бойынша республикалық маңызы бар 78 шақырым автомобиль жолы бар. Оның ішінде қанағаттанарлық жағдайы 78,3% құрайды. Ал, облыстық маңызы бар 261 шқ. автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 76,5% құрайды.

Айта өтсек, «Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Маңызды жоба аясында ауылдарда жолдар жөнделіп, білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде. Сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында 1,1 млрд. теңгеге 10 жобаның құрылысы жүргізілді. Білім саласында 5,4 млрд. теңгеге 34 жоба бойынша құрылыс және күрделі жөндеу жұмысы атқарылды. Мәдениет пен сапорт салаларында 4 млрд. теңгеге 20 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында 3 млрд. теңгеге 21 жобаның құрылысы басталып, ағымдағы жылы халыққа пайдалануға беріледі. Облыста жол мәселесі өзекті екендігін ескере отырып, 4,4 млрд. теңгеге 168 жоба іске асырылды.

Leave a reply