Пятница, 13 июня

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСҚАН

0
25

Келес ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде аудан бойынша барлығы 83 елді мекен болса, соның 59-ы көгілдір отын жүйесіне қосылған. Бұл жалпы қамтудың 71,1 пайызын құрайды. Қалған 24 елді мекенге де табиғи газ тарту мәселесі біртіндеп шешілуде. Атап айтқанда, 4 елді мекенде қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық, Қоралас, Қошқарата округіндегі Ұшқын елді мекені және Бірлік округіндегі Бірлік елді мекені.

Жалпы өңір бойынша газдандыру жұмыстары аясында облыста 14 автоматтандырылған газ реттеу станциясы (АГРС) салынуда. Оның 10-ы жұмыс істеп тұр, 3-і биыл қосылады. Түркістан қаласы, 2025 жыл – Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыс аумағындағы 807 елді мекеннің 563-і (69,7%) немесе 1 833 455 тұрғын, яғни 85,5%-ы табиғи газбен қамтылған. Сонымен қатар 9 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Бұл елді мекендер қатарына Бірлік ауылдық округіндегі Жанатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, сондай-ақ Ошақты округіндегі Бақшысай, Ынталы, Саттаров, Қаратал, Атақоныс және Жиделі ауылдары кіреді.

Аудан орталығы Абай ауылында табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Дегенмен, кейбір көшелер мен тұрғын үйлерде жіңішке диаметрлі газ құбырларын ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты жаңа жобалар әзірлеу мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалуда. Осыған дейін Түркістан облысында елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электрмен қамту жұмыстары талқыланған мәжіліс өткен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы мақсатта биыл облыс аумағында жалпы 63 ауыз су нысанының құрылысына бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Соның ішінде, бірінші кезекте 30 елді мекендегі құрылыс жұмыстарын осы жылы аяқтау көзделген. Атап айтқанда, бұл жұмыстармен Келес ауданында 13 елді мекен, Сарыағашта – 9, Ордабасыда – 3, Отырар мен Бәйдібек аудандарында 2 елді мекеннен және Қазығұртта 1 елді мекен қамтылмақ.

Биыл облыстағы елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша 64 жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін 34 елді мекенді қамтитын 38 жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 16 елді мекенді қамтитын 26 жоба келесі жылға өтпелі. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жыл соңына дейін 45 елді мекендегі 84 мың халықты «көгілдір отынмен» қамту көзделуде. Нәтижесінде, облыстағы 608 елді мекен қамтылып (75,3%), 89,4 % тұрғын табиғи газға қол жеткізбек. Жалпы облыс елді мекендерін 2027 жылға дейін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, газдандырылған елді мекендер санын 765-ке жеткізу көзделуде. Тиісті қаржы қаралған жағдайда, жоспар толық орындалмақ.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша биыл 45 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 23 нысанды пайдалануға тапсырып, 19 елді мекендегі 28,2 мың халықты сапалы электр энергиямен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда 18 нысанның құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Сонымен қатар Төлеби ауданында 110 кВ-тық «Алатау» және Жетісай ауданындағы 110 кВ-тық «Жетісай» қосалқы станцияларының құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Инфрақұрылым нысандарына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысы елді мекендерді газдандыруда елімізде көш бастап тұр. Халық санымен есептегенде, 1 млн 750 мыңға жуық халық немесе облыс тұрғындарының 81,5% табиғи газбен қамтылған. Бұл еліміздегі жалпы көрсеткіштің 28,4 пайызы. Яғни, газбен қамтылған әрбір үшінші ауыл Түркістан өңірінде орналасқан. Биыл 75 мың халық табиғи газбен қамтылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Одан бөлек, облыс әкімінің жіті қадағалауымен, соңғы он жылда құрылысы тоқтап тұрған нысандарды іске қосу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 40-қа жуық проблемалық нысан іске қосылып, 35 елді мекенде құрылыс жұмыстары басталды. Ал жарты жолда қалған «сақалды» құрылыс бойынша 4 газ тарату стансасының мәселесі шешілді. 1,5 жылдың ішінде 100 мың халық жылдар бойы күткен газға қол жеткізді.

 

Leave a reply