Суббота, 14 июня

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ АТАЛЫП ӨТТІ

0
83
✔️Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылындағы М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.
✔️Салтанатты жиында қала басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
✔️Сондай-ақ оқушылардың биылғы жетістігінің нәтижесінде М.Қашқари жалпы орта мектебі ҚР білім министрінің «Үздік мектеп» номинациясына ие болды.
✔️Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Кентау қаласы бойынша 657 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде, 599 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Ал 49 түлек – «Алтын белгіге», 32 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.

Leave a reply