Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: КЕСЕНЕНІҢ СЫРЛЫ ЕСІКТЕРІНІІҢ ҚҰПИЯЛАРЫ ҚАНДАЙ?

0
24

Адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жиі қолданылатын есік – халықтың дүниетанымында да, дәстүрлі ислам діні арқылы санамызда берік орныққан рухани әлемімізде де киелі, қасиетті саналады. Есіктің халық санасындағы киелілік мәні мен рәміздік мағынасы, табалдырыққа, тағы басқа есік бөліктеріне байланысты ырымдар мен тыйымдардан айқын көрінеді. Сондықтан да болар халық әдебиетінде есікке байланысты бейнелі ойлар, астарлы сөздер, мақал-мәтелдер жиі кездеседі.
Бұдан дана халқымыздың әрбір тұтынған мүлкі мен заттарын мағыналандырып киелілік, қасиеттілік сипат дарытқаны, олардың әрқайсысына терең мән бере отырып ұрпағының ғибрат алуға деген ықыласын оятқаны айқын көрінеді. Сондықтан да кесенедегі есіктерге зор мән беріліп, айрықша шеберлікпен, асқан талғампаздықпен, ғажап көркемдікпен әшекейленуі заңды. Әзірет Сұлтан кесенесіндегі ХІV ғасырдан сақталған жамағатхана бөлмесінің есігі – «Қақпа» және қабірхана есігі – «Қапсырманы» Сафар есімді шебер жасаған, өкінішке қарай толық аты-жөні белгісіз. Кесененің қалған есіктері 1978 жылы түгелімен жаңадан жанғыртылып қойылған. Шеберлер есіктің берік және әсем жасалуымен қатар, рәміздік мән-мағынасын арттыру үшін оған символдық мәнге ие оюөрнектер, терең мағыналы хадистер мен нақыл сөздердің бедерленуіне көңіл бөлген. Жамағатхана бөлмесінің Қақпа есігі (өлшемі – 3,7 х 2,1 м) екі жаққа ашылатын – ғимараттың оңтүстік порталының тереңінен орын алған негізгі есік. Ол екі бетінен ағаш, сүйек, алтын, күміс әшекей өрнектермен әрленген. Әртүсті ағаш қиындыларымен және піл сүйектерімен жапсырып әшекейленген өрнектерінің біразы уақыт тезіне төтеп бере алмай тозып, жойылған. Есіктің сыртқы бетіндегі өрнегі бедерлі белдеумен үш бөлікке бөлінген. Сегіз ұшты жұлдызшалардың өзара ұласуынан құралған бұл бедерлі өрнектермен тек белдеулер ғана емес жалпы есік жақтаулары да жиектей көмкерілген. Жоғары бөліктегі төрт бұрышты екі картуштың бетінде екі қатар араб жазуының алғашқы жартысы оң жақтауда, екінші жартысы сол жақтауда бедерленген. Бірінші қатардағы жазудың әріптерінің ұзындығы 0,10 м, жуандығы 3 мм, гүлденген куфа (куфи танзйини) қолтаңбасы қолданылған. Екінші қатардағы жазу сулус қолтаңбасымен жазылған. Әріптердің ұштары барынша ұзартылып картуштың ішін тұтас алып тұр. Қақпа – есіктің жікжапқыш жарты бағанының орта белдеуінде сулус қолтаңбасымен таңбаланған сөздер бар. Бұл өрнектер ағашқа ойып өрнек салу арқылы таңбаланған. Есіктегі өрнектер үш деңгейлі тереңдікте бір-бірімен астаса ұласып, ғажайып симметриялық үйлесімде, қайталанбас әсем ою-өрнектер композициясын түзеді. Бұл келісім мен үйлесімнің сырлы әлемі Ислам дінінің жасампаз рухын ғаламның сұлулығын паш етердей. Белгілі бір затты ишаралайтындай символдық мағынаның өрнекке ұласуы немесе мәнмағынасы терең жазулар мен сөз тіркестерінің ою-өрнекке ұқсатылып немесе оюөрнектермен астасып жатуы хәл ілімінің астарлы сырлы әлеміне бастайды. Жаратушы иенің шексіз ғылымына меңзеуімен қатар, ақиқатты танып білу үшін жаратылыс әсемдігіне ой жіберіп пікір қылуға шақырады. «Аллаға мадақ! Иә, Алла тағала! Аллаға шүкір! Иә, Алла тағала! Әулие жақсылардың қақпасы – бақыттың кені, әулие жандарды сүю – бақыттың кілті» деген сөздер жазылған. Есіктің көрнекі жерінен орын алған жазулардың Аллаға шүкір етуден және оны мадақтаудан басталуы – құлшылық-ғибадаттың асыл негізін көрсетеді. Әулиелердің, яғни Құдайдың достығына жеткен адамдардың адам баласын екі дүниенің бақытына бастайтын жетекші болатынына нұсқайды. «Әулиенің қақпасына» келген, яғни олардың насихат сөздері мен өсиеттеріне ден қойып, мән-мағынасына жеткен адам ұрпақтары үшін оларды бақытқа кенелтетін қазына бар. Ал ол қазынаның қақпасын ашатын кілт – әулиенің махаббаты, яғни рухани ұстаздың назарын иелену екендігі айтылған. Парсы тіліндегі мәтіннің қазақ тіліндегі мағынасы: Тайқазан құлақтарының, ту лаухасының сырт пішіндерінің жүрекке ұқсас етіп жасалуы, осы және басқа да кесене мүліктеріндегі оюларда жүрекке ишаралайтын өрнек¬тер композицияларының көптеп кездесуі Ясауидің хәл ілімі хикмет дәстүріндегі жүрек танымына нұсқайды. Алқалардың ұш жағында балық және құс бейнелері таңбаланған. Бір ескерерлігі көктегі, жердегі, судағы жануарлар әлемін бейнелейтін – құс, барыс, балық сияқты хайуанаттар суреттері осы есік сыртындағы алқалардан басқа жерде кездеспейді. Бұл алқаларды жиек¬тей және тақташалардың жоға¬ры бөлігінде ойылып жазы묬ған, алтынмен апталып, кү¬¬міспен күптелген парсы, араб тіліндегі насх жазуы бар. Қазақ тіліндегі мағынасы: Пайғамбар айтты, ол кісіге сәлем болсын: «дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға) бағынып өт». Қола тақташалардың оң жағындағысында басталып, сол жағында аяқталған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың хадисінде дүниенің баянсыздығы айтылып қана қоймай, Аллаға мойынсұнуға бұйрық берілген. Шындығында адамның жалған дүниедегі өмірінің мәнге толып, мағынасы артуы үшін оның ақиқат жолды қалап, Аллаға мойынсұнуы, Оны жадынан шығармай әмірлерін бұлжытпай орындауы шарт. Сонымен қатар парсы ақыны Сағдидің «Гүлістан» поэмасынан төрт шумақ өлең келтірілген: – Біздің мақсат артқа өрнек қалдырсақ, Жаралыстың баяны жоқ аңдасақ, Ақ жүректі адам ұлы кез болса, Еске алып, дұға қылсын, біз бейбақ. (Сағди Гүлстан) Бұл кең есік әрқашан достарға – құтты һәм ашық, жауға – тар әрі жабық болсын. Жаратылыс сырына үңіліп, пікір толғауға жетелейтін, терең символдық мәнге толы өрнекті алқаларда жазылған сыр шумақтардың мағынасы да аса терең. Шебер өзінің қолынан шыққан өнер туындысын ғибратты өрнектермен әшекейлегенде, өзінің де бұл дүниеде мәңгі емес екенін, жаратылыстың да баянсыздығын ескере отырып, болашақ ұрпаққа өнеге, өрнек қалдырып, оның бағыштаған дұғасына мұқтаж екенін де айтады. Яғни алқаларда адам бақилыққа сапар шеккесін де оның еңбегінің, ізгі ісінің жемісі – қоғам игілігіне пайдаланатын заттарының сауабы және жақсылыққа бастар өнегесінің сауабы, сондай-ақ дұға бағыш таған ұрпағының сауабы ретінде тоқталмай жетіп тұратыны жайлы Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінің мәнісі таңбаланған.
Кесене ғимаратының, эпиграфиялық таңбаларының, ондағы жәдігерлердің аса көркем өрнектелуімен қатар, терең символдық мәнмағынамен байытылуы ол замандағы шеберлердің Машаихтардың ұлылығының ілімінен сусындаған Ясауи тариқатының өкілдері екендігін айқындай түседі. Бұл күнде қақпа-есіктің орнына көшірме есік орнатылған. Көшірме есікте жазулар толық енгізілмеген және оюөрнектер де түпнұсқаға толық сәйкес келмейді. Қосалқы бөлшектер тұтас берілмеген. Кесенедегі XIV ғасырдан сақталып келе жатқан екі есіктің бірі қабірхана есігі – Қапсырма. Бұл (өлшемі – 2,5 х 1,4 м) есік ортағасырлық оюлы есіктердің тамаша үлгісі болып табылады. Жалпы пішіні Жамағатхана есігіне ұқсас екі жақты ашылатын қабірхана есігі Жамағатхананың төрінде орналасып, қабірханамен аралықты жалғастырады. Есіктің маңдайшасында үлкен қаңылтыр тақташа бар және оның жақтауы мен босағасы қаңылтырмен қапталған. Осы (тұтас күйіндегі өлшемі – 3,5 х 1,65 м) П тәріздес қаңылтыр қаптамалы босағада геометрияланған медальондар тізбегі ішіне сулс қолтаңбасымен зерленіп, алтынмен апталған жазулар бар. Есіктің өзі үш бөлікке бөлінген. Жоғарғы жағындағы екі шаршының ішінде оң жағында басталып, сол жағында аяқталатын, гүл өрнекті оюлармен астасқан сулс қолтаңбасымен ағашты ою арқылы бедерлеп жазылған Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисі орын алған. Есіктің ортаңғы бөлігінде, жарты баған жікжап¬қыштың екі белдеуінде куфи қолтаңбасымен парсы тілінде жазылған жазу бар. Есіктің жоғарғы тұсында екі алқаның дөңгелек қола тақташалары (диаметрі – 15 см.) және гүлге ұқсас сегіз жапырақты кішкене төстігі сақталып, алқаларының өздері жоғалған. Деректер бойынша жоғалған алқалар қақпа есіктің алқаларына ұқсас, сондағы жазулар да қайталанып жазылған. Бұл алқалардың суретін 1905 ж. А.Гуржиенко салған. Гүл жапырақшаларына ұқсатылып құйылған дөңгелек қола тақташа айналдыра суле қолтаңбасымен өрнектелген жазулардан құралған. Бүгінде босағасында жазылған жазулардың көп бөлігі өшіп қалған, кейбір жерлері ғана оқылатын, қаңылтырлары барынша қарайған. Есік заманында өте әдемі болған жазуларда Құран аятынан үзінділер және хадистер мен даналық сөздер кездеседі. Қазақ тіліндегі мағынасы: Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «Алланың сыйы – қақпасына келіп сұраған момынға [беріледі]» Мәтін парсы тілінде: Қазақ тіліндегі мағынасы: Құтты болсын. Қазақ тіліндегі мағынасы: Иә, Рахымды [Алла]! Иә, Пәк [Алла]! Иә, Дәлел [Алла]! Иә, Мейірбан [Алла]! Иә, Міндеттеуші [Алла]! Иә, есеп сұраушы Патша [Алла]! Қазақ тіліндегі мағынасы: Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты (1) «…әй мүлік иесі Алла! [Кімге қаласаң] мүлік бересің….» Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «уақыты өтпей тұрып намаз оқуға асығыңдар, ажал келмей тұрып тәубеге келуге асығыңдар». Алланың елшісі рас айтты. Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «ілім іздеу – барлық мұсылман ер¬кекке және әйелге парыз». Алланың елшісі рас айтты. Ол кісіге игілік болсын. Пай¬ғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «дүние өткінші, сен дүниеде (Аллаға) бағынып өт». Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: «дүниеде сый-құрметке бөлену – мол байлықпен болса, ақыретте сый-құрметті иелену – дүниедегі ізгі істердің көптігімен болады». Пайғамбар, ол кісіге сәлем болсын, айтты: …иә, Алла Мұхаммедке игілік бер. … Мұхаммед… …әлХасанға және Хусайынға, …мухажирлер мен ансарлар… …Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар (3)… …Алла. Мұхаммед. Хасан. «Алланың сыйы» – ладуни ғылым, яғни Ясауидің хикмет дәстүріндегі хәл ғылымы, Шәкәрімнің сыр сөздеріндегі ар ілімі деп білсек, онда осы ілкі ілімді иеленуге кім лайықты? Бұл ілімнің – «Оның қақпасына келіп сұраған момынға» берілетіні айтылуы хадистің мағынасына терең үңілуге жетелейді. «Хәл ғылымына оқыңдар, хәл ғылымына жетіңдер, жоқтық ішіне батыңдар, барлықтардан алыңдар» деген Ясауи хикметтерінің астарына үңіліп, осы ладуни ілімі жайлы білуге болады. Адамның тек оқып білумен меңгеретін ілімі хәл ілімі болса, онымен қатар Алла тарапынан сый ретінде беріліп, жүрек тереңіне үңілгенде қол жеткізетін, хәл ілімі бар. Әулиенің кесенесі, оның бүкіл құрылымы, оюөрнектері, онда сақталған киелі заттардың барлығы, сондай-ақ кесене есіктерінің өздері де адам баласын екі дүниенің бақытына, сыйқұрметіне, шексіз игілігіне еге қылатын тек осы ладуни ілімі екенін нұсқап, соны иеленіп, рухани адамгершілік кемелдікке жетуге шақырып тұр. «Хаққа нанып, момын болсаң тағат қылғыл, Тағат қылған Хақ дидарын көрер достар», «Хай зікірін айтып ішкен жами шарап, Жол үстінде ғазиз басың мысал топырақ, Алла үшін хәлі – харап, бауыры – кәуап, Жан мен ділде хай зікірін айтқын достар», «Заһир бұзып, батин түзе ғалым болсаң», хикмет жолдарында Әулиелердің сұлтаны иман келтірген құлдың сипатын Хақ дидарына ғашықтық деп көрсетеді. Бүкіл парыз етілген ізгі амалдардың, құлшылықғибадаттардың басты мақсаты, асыл мұраты адамды рухани интеллектуалдық кемелденуге жеткізу болса, осы жолда ілім үйрену, игілікті істерді мейлінше көп атқару әр адамның парызы екенін жоғарыдағы Пайғамбар өсиеттерінің мән-маңызынан ұғамыз. Міне, «Әзірет Сұлтан» кесенесіндегі есік-қақпалардан біз түйген ой осындай.

Күнсұлу ӘСЕТОВА, мәдениет саласының үздігі

Leave a reply