Пятница, 13 июня

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
20

Мақтаарал ауданында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында маңызды нысан — «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жанындағы жазғы сауықтыру лагері күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылып пайдалануға берілді. Бұл нысан балалардың денсаулығын нығайтып, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Облыс тұрғындарының назарына ауданның тыныс-тіршілігі туралы мәлімет ұсынамыз. 2025 жылдың жазғы маусымында бұл лагерь 8 ауысым бойынша 1500-ге жуық баланы қабылдап, әрқайсысына 10 күндік демалыс ұйымдастырады. Лагерьде балалар үшін мәдени-спорттық шаралар, шығармашылық үйірмелер, интеллектуалдық ойындар, экологиялық және тәрбие сағаттары өткізу жоспарланған.

Сонымен, Мақтаарал ауданы – Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан және елдің ауыл шаруашылығына маманданған аудандарының бірі болып табылады. Аудан халқы тығыз орналасқан және негізінен ауыл шаруашылығымен, оның ішінде мақта шаруашылығымен айналысады. Сонымен қатар, ауданда мал шаруашылығы, жылыжай кешендері, тамшылатып суару технологиясы арқылы көкөніс өсіру қарқынды дамып келеді. Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы. Ауданда 70-тен астам елді мекен бар.

Ғимараттың шатыры, едені, терезелері мен есіктері толықтай ауыстырылып, қазіргі заман талабына сай жаңғыртылды. Асханасы толықтай сырланып, санитарлық-гигиеналық талапқа сәйкестендірілді. Балалардың жайлылығы үшін жаңа жуыну бөлмелері орнатылды. Сонымен қатар, акт залы мен нысан алдындағы алаңға бетонды төсем жұмыстары жүргізіліп, лагердің жалпы көрінісі мен пайдалану ыңғайлылығы едәуір жақсарды. Сонымен қатар 2023 жылы Мақтаарал ауданында бірнеше жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастады. Солардың қатарында «Толағай» және «Еркежан» лагерлері ерекше атап өтіледі. Бұл екі лагерь 6 маусым күні өз жұмысын бастап, аудан оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізуге үлес қосты. Аталған лагерьлерге аудан бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан 15 миллион теңге, білім беру қызметкерлерінің кәсіби даму қорынан 15 миллион теңге және аудан бюджетінен қосымша 20 миллион теңге бөлінді. Әр маусымда «Толағай» лагері 250 баланы, ал «Еркежан» лагері 100 баланы қабылдайды. Жалпы жазғы демалыс кезеңінде бұл екі лагерьде 4250 оқушыны қамту жоспарланған.

Лагерь бағдарламасы әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және жартылай жетім балаларға арналған. Әр маусым 10 күнге созылады. Балаларға таңғы жаттығулар, спорттық және мәдени іс-шаралар, қолөнер үйірмелері, викториналар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, төрт мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Т. Әубәкіров атындағы №43 жалпы орта мектебі жанынан да жазғы 10 күндік лагерь ұйымдастырылды. Бұл лагерьде мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, концерттік бағдарламалар өткізді. Белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Лагерь барысында балаларға жазғы демалыстағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ Мақтаарал ауданында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жанындағы қала сыртындағы жазғы сауықтыру базасы жұмыс істейді. Бұл лагерьді Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйымдастырған. Бірінші кезең бойынша лагерьге 200 бала қабылданған. Жаз бойы жеті кезең арқылы 1400 бала демалады деп жоспарланған. Лагерьде балалардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі мәдени, шоу, спорттық, би кештері өткізіледі.

Барлық лагерлерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзет ұйымдары мен құқық қорғау органдары жұмылдырылған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін демалыс тегін ұйымдастырылады, ал қалған балалар үшін ақылы қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Қосымша ақпаратты Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінен немесе жергілікті әкімдіктен алуға болады. Аудан экономикасының негізгі тірегі – мақта өсіру. Бұл бағытта ауданда мақтаны терең өңдейтін кәсіпорындар мен зауыттар жұмыс істейді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытында да ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары да тұрақты дамуда.

Түркістан облысында биыл алғаш рет модульдік лагерь қолға алынып отыр. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерге 52 модульді жатақхана қойылды. Нәтижесінде мемлекеттік лагерлерде 7500-ден астам қосымша орын ашылды.
Бюджет есебінен 10 мемлекеттік, 21 жекеменшік лагерьде 41 мыңнан астам бала демалса, қалған 400 мыңға жуық оқушы жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады. Биыл жекеменшік лагерлерде жазғы демалыспен қамту үшін 8 ауданнан 11 500 балаға бөлінген қаржы мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып, жеңімпаздары анықталды. Жалпы өңірдегі 10 мемлекеттік және келісімшарт түзілген жеке меншік лагерлерде 35338 бала демалады.

Leave a reply